Павлодарда миграциялық қызметтер орталығы ашылды
Павлодарда миграциялық қызметтер орталығы ашылды. Азаматтық алғысы келетін немесе шет елге тұрақты мекенжайға көшетін азаматтар барлық қызметтерді алу үшін жаңа орталыққа келеді.
Жаңа орталық Павлов көшесі, 48/3 мекенжайында ашылды. Орталықта еңбек мигранттары барлық мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» арқылы ала алады. Орталықтың алғашқы жұмыс күнінде мұнда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов келді.
— Азаматтық алу немесе ауыстыру қызметтерінен бөлек орталықта салық бойынша қарыздарды өтеуге, сақтандыру полистерін, жеке сәйкестендіру нөмірлерін алуға болады, — деді «Азаматтарға арналған Үкімет» копорациясының өңірлік филиалының директоры Фархат Әлімов. – Сонымен қатар, орталықта миграциялық есепті ұзарту үшін өтілетін медициналық тексеру кабинеттері, тіпті дактилоскопия кабинеті де бар.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің айтуынша мұндай орталық ең бірінші рет астанада ашылған. Қазір миграциялық қызметтерді бір жерде алуға боалтын орталықтар еліміздің әр облысында бар. Мамандардың айтуынша бұрын миграциялық қызметтерді алуға кем дегенде бір күннен бес күнге дейін жүгіру керек болса, қазір барлық қызметтерді бір сағаттың ішінде алуға болады.
Әлихан Рахметоллаұлы