100-ден аса адамды өлімнен арашалап қалған ұрлан
Бүгінгі таңда ксібінен нсібін тақан жандар жетерлік. Солардың бірі — аңғыстау облыстық аурухасының директоры рі кардиохирургы Нұрлан Тлепов. Ақ халатты абзал жан ден аса адамның жүрегіне ота жаса, оларды өлімнен арашалап қалған. Оның емделушілерінің санатында туылғанына күн болған сәбиден бастап, егде тартқан қартқа дейін бар.
— Шынымды айтсам, кішкентай кезімнен өзім дәрігер боламын деп аңсадым. Мектепте оқығанда турслет деген болатын, түрлі конкурстар болатын. Солардың барлығында мен мед. брат болдым. Конкурстарға қатысып, орындар алып жүрдім. Сосын мектепте оқып жүргенде менің биология мен химиядан беретін апайларым мықты болды. Сол үшін шығар, мен осы саланы таңдағаным. Кішкентай кезімде мектепте оқыған кезімді қолыма Дейл Корнегийдің кітабы түскен болатын. Сол кітаптан «егер жақсы маман болғың келсе, сол саланы күнделікті оқуың керек» дегенді оқығаным бар. Егер адам өз саласын күнделікті оқып отырса, онда ол адам міндетті түрде табысқа жетеді. Жақсы маман болып қалыптасу үшін ең бірінші тынымсыз еңбек пен өзіне деген сенімділік керек, — дейді ол.
Нұрлан тек жүрекке ота жасап қана қоймай, мыңнан аса адамға басшылық етеді.
— Ауызбіршілігі мен татулығы жарасқан ұжымның басты мақсаты — адам өмірін сақтап қалу. Біздің ауруханада мыңға жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде 400-і мейірбике, 200-і дәрігер. Біз аптасына 7 күн жұмыс істейміз. Жұмысым таңертең басталады. Жансақтау бөлімін қарап шығамын. Тек науқастарды ғана қарамаймын. Мысалы, оларға дәрі жеткілікті ме, бәрін қараймын. Менің ұстазым «ауруханада ең бірінші жан сақтау бөліміндегі емделушілерге дұрыс жағдай жасалса, басқаларына да дұрыс жағдай жасалады» деп айтатын. Біздің мүмкіншілігіміз жетпеген жерде Алматы, Астана қалаларымен ғаламтор арқылы байланысқа шығамыз. Қазір шетелге барудың қажеті жоқ. Ғаламтор арқылы Америкадағы, Израильдегі әріптестерімізбен араласып тұрамыз, — дейді Нұрлан.
Ақ халатты абзал жан Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетін 2003 жылы үздік аяқтайды. Оқуын жалғастыру мақсатында 2005-2009 жылдар аралығында «Болашақ» бағдарламасымен Мәскеуде білім алады. Зерек те алғыр Нұрлан Мәскеуде де үздік студент қатарынан көрініп, мұғалімдердің жоғары бағасын алады.
— Қазіргі таңда оқимын деген адамға мемлекет барлық мүмкіншілік жасаған. Тек жалқауланбай, оқу қажет. Бізде мүмкіншілік өте зор. Қазір жеке емханалар, мемлекеттік ауруханалар бар. Адам оқимын десе болды, барлық жағдай жасалған. Бізге жас мамандар көптеп келеді. Оларды біліміне қарай іріктеп аламыз. Себебі бізге маманданған қызметкерлер керек. Қызметте өсу үшін ең бірінші аудандық, қалалық ауруханалардан бастап, облыстық ауруханаға өткен дұрыс. Түптеп келгенде, оның барлығы тәжірибе. Қазіргі таңда нағыз маманға қашанда жұмыс бар. Мысалы, мен 2003 жылы бітірдім, 2005 жылы «Болашақпен» оқыдым. Сол кезеңде қаншама қиындықты бастан кештім. Қарапайым тұрмыстық қиыншылықтан бастап, ғылыми тығырыққа тірелген кездерім болды, бірақ еш мойымадым. Соның арқасында бүгінде жетістікке жетіп отырмын, — дейді Нұрлан.
Ол өзінің табысқа жетуін бала кезіндегі дәрігер болсам деген асқақ арманының орындалуы деп біледі.
— Егер адам мақсатын анық қойса, міндетті түрде сол арманына жетеді. Мысалы, мен 2003 жылы оқуды бітіргенде кардиохирургия саласы дамиды деп кім ойлаған? Бірақ мен осы саланы таңдадым. Бүгінгі таңда бұл сала дамып жатыр. Соңғы жаңалығым ретінде жақында туылғанына 3 күн болған сәбиге ота жасағанымызды айтсам болады. Ол — біздің күнделікті жұмысымыз, — дейді ол.
Кәсібінен нәсібін тапқан Нұрланның ендігі арманы — Алматыдағы кардиологиялық институттың Маңғыстау облыстық филиалын ашу.
Айман ОҢҒАРБАЙҚЫЗЫ