Beibitshilik jane birlik. Peace and unity» велошеруі
6 шілдеде сағат 17:00 ЭКСПО көрмесі аумағындағы жазғы сахнада «Beibitshilik jane birlik. Peace and unity» халықаралық велошеруіне қатысушыларды қарсы алу салтанаты өтеді. Велошеру үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде Лондон қаласынан (Ұлыбритания) бастау алған болатын.
Велошерудің соңғы бөлігі Елорда күніне арналады және «Сарыарқа» велотрегі – Қабанбай батыр даңғылы – Ұлы Дала көшесі (солға бұрылыс) – Ақмешіт к-сі (оңға бұрылыс) арқылы «Нұр Әлем» сферасына дейін жалғасады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен жүзеге асқан Халықаралық велошеру Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды. Шеруге қатысушы отандық 6 спортшы алдымен 6000 км жуық жолды еңсеріп, 7 мемлекетте және 55 қалада болды. Олардың қатарында Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланд, Германия, Польша, Беларусь, Ресей бар.
Ұлыбритания астанасынан жолға шыққан қазақстандық команданы Лондонда тұрып жатқан жерлестеріміз, БАҚ өкілдері мен қазақстандық студенттер шығарып салды.
Велошерудің мақсаты Қазақстанның танымалдылығын арттыру, туризм мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтынг насихаттау болып табылады.
«Beibitshilik jane birlik. Peace and unity» велошеруіне Қазақ география қоғамы жобаларының менеджері, топ жетекшісі Дәулет Омаров, триатлет, жартылай марафоншыАзамат Атантай,белсенді велосипедші Марина Варибрус, триатлонға әуес Ділмұрат Рахматулаев; outdoor фотограф-операторы,«Хабар» және «Хабар 24»телеарналарының журналистіБалжан Балташева,әуесқой триатлет Михаил Лим қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі