Ақтөбе облысының  әкімі Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен барды

10-шілде, сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  алдымен Арыс қаласында болды. Аймақ басшысы  Ақтөбе өңіріне бекітілген 12-ші секторда жүргізіліп  жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда 765 тұрғын үй, 5 әлеуметтік нысан енгізілген. Бүгінде 765 үйдің барлығы зерттеліп, тексеруден өткен. Бүлінген 472 тұрғын үйге ахаулық актісі жасалды.
Оңдасын Оразалин бірінші  орынбасары Рахат Сыдықовқа  осы жұмыстардың қарқынды әрі сапалы жүруіне қатысты  бірнеше тапсырмалар жүктеді. Қалыпқа келтіруді қолға алған  ақтөбелік мердігер мекемеге құрылысты уақытында аяқтау қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, өңір басшысы оқиға кезінде қаза тапқан екі азаматтың отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.
Айта кетейік, Техникалық тексерудің нәтижесінде,  бүлінген 472 үйдің 3-не  снаряд түскен. Бұл үйлерге құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, О. Жәнібеков көшесіндегі  12 пәтер мен 1 тұрғын үйдің шатыры ауыстырылып жатыр.
Осылайша, қазіргі уақытта  залал келген 236 баспана толықтай қалпына келтірілді. 12-ші аумақ алаңына 58 маман, және 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тексеру кезінде 273 тұрғын үйге залал келмегені белгілі болды.
Жалпы, Ақтөбе өңірінің жанашыр азаматтары Арыс қаласында орын алған жағдайға қатысты көмек қолын созуда аянып қалмайды. Қазірдің  өзінде «Парыз» қорының есеп шотына 126 млн теңгеден астам қаржы аударылған.