Әлем президенттерінің жұмыс бөлмелері

Иә, егер сізді әлем мемлекетінің тізгінін ұстап отырған көшбасшылардың жұмыс бөлмелері қандай болатыны қызықтыратын болса, келесі топтаманы назарларыңызға ұсынамыз. «Қамшы» порталы interesbook.ru-ге сілтеме жасайды.

  1. Ресей Федерациясы

Ресей президентінің жұмыс бөлмесі резиденцияның қақ ортасында орналасқан. Бөлме шағын және жұмыс істеуге қолайлырақ етіп жасақталған. Бөлме қабырғалары емен ағашымен қапталған. Бөлмеде кітап сөресі бар. Ал президенттің жұмыс бөлмесінің қақ ортасында жұмыс үстелі орналасқан. Сондай-ақ, РФ гербі, Мемлекеттік туы және президент штандарттары қойылған. Терезе жанында тағы бір, кездесулер мен келіссөздер жүргізуге арналған үстел де бар.

акш

  1. АҚШ

АҚШ президентінің жұмыс бөлмесі өзгелермен салыстырғанда үлкенірек.  Тіпті, ол телеарналарға мәлімдеме жасағанда да ауқымдырақ жерді таңдайтынын білеміз. Америка құрама штаттарының Президентінің жұмысы үлкен жұмыс бөлмесінде 3 үлкен терезе және 4 есік бар. Президенттің жұмыс бөлмесі — оңтүстік терезе жағында орналасқан. Ал солтүстік жағында пеш қойылған.

укр

  1. Украина

Украина президентінің 3 бірдей жұмыс бөлмесі бар. Бөлменің жалпы аумағы 128,8 шаршы метрді құрайды.

гер

4. Германия

Германия канцлері Анджела Меркел ханымның жұмыс бөлмесі өте қарапайым ғана. Аса қымбат емес жұмыс үстелінде бірнеше телефон, үлкен экран, шырақ және глобус орналасқан.

нигер

  1. Нигерия

Нигерияның жаңа сайланған президенті Мұхаммед Бұхари мырза әзірге өз үйіндегі жұмыс үстелін пайдаланады екен.

иран

  1. Иран

Ал Иран президентінің жұмыс бөлмесі айтарлықтай шағын ғана екен. Үстелде компьютер және жазу құралдары ғана бар.

 

Арген

  1. Аргентина

Аргентина Президенті Кристина Киршнердің жұмыс бөлмесі қарапайым қызметкердің жұмыс бөлмесінен еш айырмашылығы жоқ болып шықты. Жұмыс үстелінде көптеген кітаптар мен анықтамалықтар тұрады.

турк

  1. Түркіменстан

Ал Құрбангүлы Бердімұхамедов мызраның жұмыс үстелінде қағаздар мүлде жатпайды екен. Ал президент мырзаға осыншама ноутбук не үшін керек болды екен?

грец

  1. Грекия

Ал грек лидерінің жұмыс үстелі қаптаған қағаздармен көмкерілген екен. Оның артқы жағында көз қызығарлық кітап қоры бар екен. Президент мырза осы кітаптардың нешеуін оқып тауыса алды екен?

каз

  1. Қазақстан

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің ескі жұмыс бөлмесі мынандай екен. Бұл жерде бір ауыз сөздің өзі артықтық ететіні түсінікті.

Әзірлеген: Бағдал Ақынұлы

ҚР Журналистер одағының мүшесі