Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңеюде
Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту мемлекеттік саясаттың ұстанған басты ұстанымдарының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы ел экономикасының да негізгі драйвері қалыптасатыны белгілі. Бұл орайда әсіресе аудандардағы бизнесмендердің атқаратын рөлі орасан.
Т.Рысқұлов ауданы аумағында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 4025; оның ішінде:Шағын кәсіпкерліктегі жеке тұлға-174,Орта кәсіпкерліктегі заңды тұлға-2, Жеке кәсіпкерлер-2547, Шаруа қожалықтары-1302.
Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері саны артып, олар өз қызметтері мен жұмыстарын жылдан-жылға көркейтіп келеді.
Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексінің 2019 жылға межесі 7259,9 млн.теңгеге немесе 104,5 пайызға қол жеткізіледі. 2019 жылдың 6 айы қорытындысы бойынша 4244,0 млн.тг 137,4 пайызға орындалды.
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексінің 2019 жылға межесі 5737,8 млн.теңгеге немесе 105,0 пайызға қол жеткізіледі. 2019 жылдың 6 айы қорытындысы бойынша 2000,8 млн.тг 102,9 пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша ауданға тартылған инвестиция 7131,3 млн.теңгеге немесе 114,3 пайызға қол жеткізілсе, 2019 жылға меже 7500,0 млн.теңге немесе 100,2 пайыз. 2019 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша орындалғаны 4201,0 немесе 126,9 %.
Бөлшек сауданың нақты көлем индексінің 2018 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша 349,2 млн.тг немесе 106,0 пайызға орындалды. 2019 жылдың 6 ай бойынша 1500,6 млн.тг орындалды.
Ауданда 33 түрлі маңызы бар әлеуметтік азық-түлік және 53 түрі бар азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасын тұрақтандыру және жанар-жағармай бойынша Т.Рысқұлов ауданы әкімдігімен штаб құрылып, жүйелі жұмыс атқарады.Штаб мүшелерімен айына 1 реттен негізгі азық-түлік, жанар-жағар май және халық тұтыну тауарларына мониторинг жүргізіледі.
2018 жылы «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдар аралығындағы бағдарламасы» аясында кәсіпкерлік негізінде 194 азамат оқуға жолданып, 182 азамат өз бизнес жобаларын қорғап, сертификат алып шықты. Микрокредиттік ұйым арқылы бағдарлама аясында 164 азамат 673,9 млн.тг. несие алды. «Бастау Бизнес» жобасымен оқып, сертификат алған азаматтардың ішінен 74 азамат несие алды.
2019 жылы бұл жұмыс жалғасын тауып, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Т.Рысқұлов аудандық филиалы арқылы «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқыту жүргізілуде. Бүгінгі күнге 1 лекте 45 азамат оқып жатыр. Келесі лектерге жазылған азаматтар саны-120.
Төлен Дедек