Қарапайым заттар экономикасындағы қарышты қадам
Мемлекет басшысы Қысым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының негізгі он бағытын айқындап берген басым бағытының бірі — қарапайым заттар экономикасын дамыту екені білгілі. Және Жамбыл облысы осы жобаны жүзеге асырудағы негізгі өңірлердің бірі ретінде таңдалып алынып отыр. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің аудандарды аралап, қара халықпен тілдесіп, бақша баптап та баюға болатының үгіттеп, насихаттауының да түпкі маңызы осында.
«Қарапайым заттар экономикасы» жұмыс аясында өңірде қаржылық қолдауды талап ететін жобаларды қаржыландыру мақсатында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, «Атамекен» аудандық кәсіпкерлер палатасы және аудандық жобалық басқару және цифрландыру орталығымен бірлесіп, әр ауылдық округке бекітілген кесте бойынша кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде аталған бағдарламаға аудан бойынша тікелей қызмет түріне сәйкес келетін 543 кәсіпкер анықталып, солардың барлығына телефон арқылы, кездесу арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда қарапайым заттар экономикасы бойынша Республикадан 600 млрд теңге көлеміндегі 15 пайыздық жылдық үстемақымен бөлінген несие Үкімет тарапынан 7 пайызы қаржыландырылып, қарапайым кәсіпкерге 8 пайыздық жылдық үстемақымен екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Қарапайым заттар экономикасы бойынша берілетін жеңілдетілген несие бойынша, Т.Рысқұлов ауданы бойынша 23 кәсіпкер 147 000 000 теңге көлемінде несие алуға ұсыныс білдірді.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру нақтырақ айтқанда қайтарымсыз 3 млн.теңгеге дейін қаражат алуға мүмкіндіктер бар. Осы бағдарлама бойынша аудан аумағынан 3 жоба өткізілді. Олар- «Зейнеп» ЖК, «Нұрбақыт» ЖК және «Тазалық» ЖК.
29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру — қайтарымсыз 3 млн.теңгеге дейін қаражат алуға мүмкіндіктері бар. 2019 ж. 16 мамыр-24 маусым аралығында аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне 26 жас кәсіпкердің бизнес-жоспарлары қабылданып, құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тапсырылды.
Осылайша аудан қарапайым заттар экономикасын дамытуға қарышты қадам жасап отыр. Енді тек жоспарлы жұмысты діттеген межесіне жеткізіп, жұмыстың жүйесін табу. Сонда ғана болашағымыз баянды, келешегіміз кемелді болатындығы хақ.
Төлен Дедек