Ұлттық құндылықтар ұлықталып, туризімнің түтіні тік ұшады
Жамбыл облысында мәдениет саласында серпін бар. Әсіресе ұлттық құндылықтарды ұлықтауда ұлтқа үлгі болар көп тірлік атқарылуда.
Жамбылдың туған күніне өткен жылы басталған республикалық ақындар айтысының деңгейі биыл көтерілді. Оған қоса таланттарды іріктеу ауыл округтерінен басталып, аудандардан 90 үміткер оның ішінен үздік деп танылған 31 ақын облыстық кезеңге қатысты. Нәтижесінде республикалық сайысқа қатысқан 8 ақынның бірі – жерлесіміз Қанат Мырзаxан бас жүлдені иеленді.
Сол сияқты, «Әулиеата бояулары» атты І халық шығармашылығы фестивалі ұйымдастырылып, оған аудандардан 300 үміткер қатысып, 134 адам облыстық кезеңге жолдама алды.
Үздік деп танылған 60 сурет, 100 фотосурет және 15 қолөнер бұйымдары Шахристанда жаңадан ашылатын галлерея, көрме залын толықтыратын болады.
Көптомдық кітаптар шығару бағытында жұмыстар жүргізіліп, «Тарихи танымдылық» бағыты бойынша – 15 том, шығармашылық бағыты бойынша 35 том материалдар жинақталды.
«Электрондық архив» жүйесі орнатылды.
«Талас толқындары» атты І облыстық музыкалық өнер фестивалі де қолға алынды. Оның аясында қобызшылар конкурсы, ән конкурсы, эстрада орындаушылардың конкурсы, би конкурсы ұйымдастырылды.
Туризм саласына инвестиция тарту бойынша 12 арнайы туристік бағыттар айқындалған іс-шаралар жоспары әзірленді (2-еуі Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары аумағы арқылы өтетін «Жаңа Жібек жолы» экспедициялық бағыттары).
Тағы бір айта кетерлігі, «Қаралма» тау-шаңғы базасы жобасы жүзеге асырылуда. «Төрткүл» керуен сарайында «Көне Тараз шеберлері» жобасы қолға алынды.
Тараз қаласы және қала аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер маршрутымен тегін «Туристік 2 автобус» іске қосылды (5 ай бойы сенбі, жексенбі, мемлекеттік мейрам күндері тегін 2 автобус жұмыс ісейді).
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы 11 бағыт бойынша 78 жоба ретінде жүзеге асырылуда (білім беру, денсаулық сақтау, инклюзивті қоғамдағы өмір, ТКШ, көлік, қауіпсіздік, бизнесті дамыту, АӨК, құрылыс, таза қаладағы өмір және қаланы басқару).
Облыс мектептері интернет желісіне 100 пайыз (446 мектеп) қосылған.Мектептерде «Bilimland» цифрлық білім беру қоры 100 пайызға, «Күнделік» электрондық журналы 98 пайызға енгізілген. Робототехника кабинеттерімен мектептерді жабдықтау, жоспарға сәйкес 50 пайызға жеткізіледі.
Облыста (5260 адам) медициналық қызметкерлер компьютерлермен 100 пайызға жабдықталған.
Тұрғындарға медициналық қызметтерді алу үшін «Мобильдік қосымша» құрылды (жыл соңына дейінгі жоспар – 30 пайыз).
Барлық орталық және аудандық ауруханаларда «Е-Kezеk» электрондық кезегі енгізілді.
Төлен Дедек