ҚАЗАҚТЫҢ ТАҒЫ БІР АЙДАЙ АРУЫ АФРИКАЛЫҚҚА ҰЗАТЫЛДЫ
БҰЛ ШЕТЕЛДІКПЕН НЕКЕГЕ ТҰРҒАН 29299 ҚЫЗДЫҢ БІРІ ЕКЕНІН ӨКІНІШПЕН ЖЕТКІЗЕМІЗ
ЗӘҢГІНІҢ ЗАҢЫН ҰҚТЫҢ БА, ҚАЛҚАМ….
ЖЕР ҚЫЛЫП КЕТТІҢ, ЕЛІҢДІ ДАРХАН…..
Қазір ұлттық құндылықтар — құнсызданып, ақыл-ойдың бәсі төмендеді. Адам баласы қиялына серік еткен ғажаптардың бәрі дерлік шындыққа айналды. Күнде бір тосын жаңалық найзағайдай жарқ ете қалады. Оған да етіміздің үйренгені сондай, елеріп есіміз кетіп, таңданудан қалдық. Бұл қаншаға созылады? Уақыт жылдам зымырауда. Ғалам көз алдымызда құбылуда. Небір адамзат істемеген зұлымдықтар жасалып, қиянаттар өршіп тұр. Билік басындағылардың әділетсіздігі белең алып, жемқорлықтың тамыры тереңге бойлап, соның салдарынан әлем халқының жартысына жуығының тағдыры қыл үстінде. Иманы әлсіз, тіршілігі мәнсіз ұрпақ – нәрсіз жерге өскен гүлдей солмақ. Мұның бәрі сынақ болғандықтан, ерте ме, кеш пе барша адамзат тығырыққа тірелмек. Тұқыртуға түспек. Өзгені қайдам, өзіндік болмысы бар, дархан даладай кеңдігі бар, қәусар бұлақтай мөп-мөлдір , саумал желдей аңқылдақ, жылтыраққа әуес, қызылға құмар, өзгеге еліктегіш қазақ баласының көрешегі не болмақ? Бұл енді еліміздегі идеология саласын ұстап отырғандарға аманат. Аманатқа қиянат жасалмауы тиіс! Онсызда қолдан сусып бара жатқан ұлттық болмыс пен қазақы бітім тәрбиесі енді босаңсуды кешірмейді. Қазақ қоғамындағы анайы көріністер, аралас некелер, тұрпайы іс-әрекеттер, тойымсыз көзқарастар, жалаң ұрандар, бей-берекет жиын — тойлар көзге шыққан сүйелдей бадырайып тұр. Ұлтымыз іштен іріп жатыр. Кім кінәлі? Билік пе, жоқ әлде қазақы қалпынан ауытқи бастаған халықтың өзі ме? Бәлкім бұған заманды кінәлайтындар табылар?
«Жаһандану бұғалығы» қылғындырып, жанымыз жан алқымға келгенде ата – баба аманаты еске түсері һақ. Сол кезде елдігіміз бен ерлігіміз сынға ілігер. Ұлт болып қаламыз ба, жоқ әлде, әр нәрсенің басын бір шалып жоғаламыз ба? Ол енді өзімізге байланысты. Кеңестік замандағы идеологияның көбі әлі тұғырдан түсер емес. Соның бірі «Интернационализм». Бұл негізі ұлтты жоятын жоба еді. Қаншама аз ұлттар осы идеологияның құрбаны болып кетті. Қазақ пен орыстың, өзге де ұлттар арасындағы аралас некенің нәтижесінде не орыс емес, не қазақ емес дүбара ұрпақтар дүниеге келді. Солардың кейбіреуі билікке өрмелеп, бәзбірі саясат төңірегін торуылдап жүр. Іс-әрекеттеріне көз жүгіртсек, тілден махрұм, діннен алшақ, ұлттық рухтары өшкен. Ішсем-жесем деген хайуандық инстинктен аса алмай қалған. Ұлттың жоғын түгендеу, салт- дәстүрге адалдық дегеннен жұрдай көбі. Осының өзі – ақ, аралас некенің зардабының қаншалықты ауыр екенін әйгілеп тұр.
Жақында әлеуметтік желі де африкалық негрге тұрмысқа шығып жатқан қазақ қызының тойынан түсірілген видео таралды. Көмірдей қап-қара күйеу бала мен той көйлегін киген аққудай қызымыз алақан жайып бата сұрап тұр. Екі жастың тойына жиналған ағайын туыстары мәз-мейрам. Дуылдата қол соғып, ортаға шығып музыка әуенімен билеп жүргендері қаншама. Бір кезде күйеу бала қолындағы бір шоқ гүлін ортаны қақ жарып өтіп, егделеу әйел кісіге апарып ұстатты. Енесі, бәлкім қайын апасы болар. Әйтеуір, ұзатылып жатқан қызға ең жақын адам. Ол әйел риза кейіппен күйеудің бетінен сүйіп, жүзі бал-бұл жанып, той көрігін қыздыруға пәрмен беріп жатыр. Жиналған қауым тағы да дүркірете қол соқты. Қазақтың той әні шырқалып тұр. Шетелдік күйеу баланың құлағында алтын сырға, қолында алтын жүзік. Аяғын алшаң-алшаң басады. Басында монтаждалған дүние болар деп көңіл аудармағам. Сөйтсем, кәдімгі шынайы той жүріп жатқан. Жарнамасы қандай! Тағы бір байқағаным, өзге ұлтқа қызының ұзатылып жатқанына ұнжырғасы түскен, намысы қозған, ашуы келген бір адам көрінбейді. Демек отбасында тәрбие дұрыс болмаған. Бәлкім қызды кінәлау артықтау шығар. Оның да өз айтары, өз байламы бар екені даусыз. Әйтседе маған бәрінен қатты әсер еткені, шаттық құшағындағы қыздың ешкімде жоқ иномарка көлік мінгендей мақтанып тұрған кейпі. Сосын өз қыздарына сөзін өткізе алмаған ата – ананың шарасыздық күйлерін сезіндім. Беттері күліп тұрғанымен, жүректері қан жылап тұрғаны анық байқалады. Бұл нені көрсетеді? Бұл – ұлтсыздану процесінің қазақ баласының санасына ұрығын сеуіп, санасын жаулай бастағанының көрсеткіші. Бұлай жалғаса берсе, «Жастар бірін — бірі ұнатыпты, бақытты болса болды» деген жұбаныштың арты, қазақ халқының жер бетінен жойылуына бастар алғашқы қадам болмақ. Дана жұртымыз – қыз баланы өріс деген. Егер өрісің тарылса, өрісіңді кім көрінген жайласа құрымаған нең қалады, қайран қазақ?
Намыссыз ұрпақ тәрбиелеген бақытсыз ата-ана!
Бірнеше тіл білетін, ақшасы көп шетелдік күйеу баланы мақтан етпей, қыздарына тек қазақ жігітіне тұрмысқа шығуын талап етіп, тәрбие беру арқылы, ұлттың рухын сақтап қалу әр ата-ананың қолында тұрған алтын кілт.
«Ер балалардай емес, шетелге күйеуге шығатын қазақ қыздары мыңдап, миллиондап кездеседі. Бұл деген қыз баланың психологиясында ауытқушылық бар деген сөз. Себебі, оның санасында «бұл өзге ұлттың адамы ғой» деген ой болмайды. Бәрі тәрбиеге байланысты. Анаға байланысты. Шетелдікке тұрмысқа шыққан қыз өз баласына қандай аналық тәрбие бере алады? Әрине, өзі сияқты ұл-қызды өсіреді. Оның балалары да дәл солай. Осылайша, бүтін бір әулеттің ұрпағы бүлінеді. Негізінде махаббат болып үйлендік деп ақталғанымен, психология ғылымдарында махаббат дегеннің жәй ғана сыйластық екені және оның әрқашан өзгеріп, жаңарып отыратындығы дәлелденген. Тек мұны қыздарымыз түсіне бермейді»,- дейді психолог Майра Жетпісбайқызы.
«Толқыннан толқын туады» деп Мағжан ақын айтпақшы, ойдан ой туады. Кейде қарап тұрсам, көп жағдайда оралман бауырларды менсінбей жататындар бар. Құшаққа басып жақын тартудың орнына, қаны бір қандасыңды кем көру, азғындаудың басы емей не? Басқа ұлтқа қызыңды бергенде оянбаған намысың, өз қазағыңа келген де «азынауы» қалай? Әр түрлі жағдайлар да білісіп-таныспақ ниетпен «Ата – тегің кім? Қай елсің?» деп сұрап жатсаң, «Ой, құдай сақтасын оралман емеспін» деп жататындарға не дерсің. Ұлт болып ұйысуды қалаған жұрт, мұндай сөзді айтпас болар, ағайын!….
Иә, зәңгінің бәрі кәпір емес. Олардың арасында да мұсылмандары жетерлік. Мен сөз етіп жатқан күйеу бала да мұсылман болар. Бірақ таным –түсінік, ұлттық менталитет, ата-ана қалауы, келер ұрпақ қамы деген асыл құндылықтар бар емес пе? «Қыз жат жұрттық» десек те, сонау Африкаға кеткен қыздан туған жиендердің қайта қазақ болмасы бесенеден белгілі. Демек қыздан туар ұрпақ сабақтастығы осы жерден шорт кесілді. Онсыз да аз қазақ тығырыққа тірелді. Қазақ тұқымын өрбітер қыз-енді өзгенің бақшасына өнім бере бастайды. Барлық ата-ана осы тұрғыда ойлап, ұлы мен қызының санасына қазақ болып туып, қазақ болып өлуді , қазақтан жар тауып бақытты ғұмыр кешуді сіңірмей барлық еңбек бекер болмақ. Егер өзге ұлтқа қыз беру осылай жалғаса берсе, артының қуанышынан қайғысы көбірек… Сонымен бірге өз ұлтыңа сатқындық та осы жерден басталады. Мұсылманға шығып жатыр ғой дейтіндерге айтарым мынау:
Пайғамбарымыз Мұхаммедтен жеткен бір хадисте, мұсылман зәңгіге тұрмысқа шығуды қаламаған қыз туралы бір тағылымды оқиға бар. Пайғамбарымыз адамды түріне қарап алалап көрмеген ешқашан. Оған дәлел алғашқы азаншы зәңгі Біләл. Оған пайғамбарымыздың құрметі қандай еді!
Алайда зәңгінінің нәсілін кем көрген, оған тұрмысқа шыққысы келмеген қыздың қалауымен санасып оларды қоспаған Алланың елшісі. Исламдағы əділет мəселесі ғой бұл. Демек, қыз қалауы мен ата –ана талабы үндесуі керек. Қыз балаға оң жақта отырғанда өзге ұлтқа тұрмысқа шығудың қаншалықты қасірет әкелетінін әр қазақ айта білуі керек. Санасына құя білуі керек. Әйтпесе тұтас ұлттың басындағы қайғының бұлты сейіле қоюы екіталай.
ЖАТҚА КЕТКЕН ҚЫЗ –ЖҮРЕКТЕ ҚАЛҒАН СЫЗ!
Тағы айтамыз, шариғат бойынша өзге дін өкілдерімен құдаласуға болады. Бірақ олар кітап иелерінен болуы керек. Яғни, ойдан шығарылған дін емес, кітап түскен дін өкілдерінің қыздарына құда түсіп алуға болады. Алайда, құдаласу мәселесіне келгенде мына нәрсені анықтап айту керек: Мұсылман адам кітап иелерінен қыз алуға болады, ал, кітап иелері болсын, болмасын өзге діндегі азаматқа мұсылман қызын беруге болмайды. Шариғат өзге дін өкіліне мұсылман қызды беруге қатаң тыйым салады.
Ұлттың жаманы жоқ. Алайда, әрбір ұлттың өз ұстанымы, ділі мен діні, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Жүз жерден махаббат пен түсіністік болғанның өзінде ұлттық болмысы жағынан бір-бірінен ерекшеленіп, көзқарас екіге бөлінеді. Біреудің қателігін көріп, адам оны қайталамауға тырысуы тиic. Осы орай да Қарлығаш Нұрбай атты қызымның мына бір жазбасы жастарға үлгі болса деп ұсынып отырмын.
«Бір бейтаныс қыздың әңгімесі әлі ойымнан кетер емес. Үлде мен бүлдеге оранып, ертегідегі ханшайымдай өмір сүремін деп ойлап, араб жігітіне тұрмысқа шығады. Сөйтіп онымен Біріккен Араб Әмірлігіне кете барады. Онда барғанда күйеуі қара хиджап кигізіп, үйде қамап ұстайды. Өзінен басқа тағы үш араб әйелі бар екен. Ол араб жігітіне тұрмысқа шыққанына қатты өкінеді. Мұнда неге келдім деп жылаумен күндері өтеді. Арманы көз алдынан бал-бұл ұшады. Қашудың амалын қарастырады. Балалы болады. Екі рет қашқанда күйеуі ұстап алып, құжаттарын тартып алып, елден шығармайтындай етеді, қара тізімге енгізеді.
Күйеуі басқа елге іссапарға кеткенін пайдаланып, үйде тығулы құжатты тауып алып, баласымен қашады. Қазақстанға баратын ақшасы болмағандықтан жол-жөнекей көлік тоқтатып, қайыр сұрап алға жылжып отырған. Елшіліктен көмек сұрап, елге оралған. Араб жігітіне тұрмысқа шыққанына өкінетінін қайта-қайта айтып, қазақ қыздарының басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына кеңес бермейтінін, оған қарсы екенін білдірді. Танымы мен болмысы бөлек, көзқарастары әртүрлі болғандықтан әркім өз ұлтына үйленгені дұрыс екен дейді өмірден таяқ жеген әлгі әйел.
Қыздар, ешқашан, қандай жағдай болмасын өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуға қызықпаңыздар! Өзге ұлтқа тұрмысқа шығып, шекесі қызып жүрген ілуде бір кездесер, яғни 10 қыздың біреуі ғана. Ал қалғаны туған-туысынан ажырап, тотықұстай торда өмір сүріп, ешқандай байлық та, бақыт та жоқ екенін біліп, өкініп жатқандары баршылық. Бейхабар кеткен қаншама қазақ қыздары да бар.
«Бақыт оңай сипатпайды бұрымын» деп М.Шаханов айтқандай, бақытты алыстан іздемей, жаныңыздан іздесеңіз табылады. Сондықтан пәтерден пәтерді жағаласа да қазақтың жігітінің етегінен ұстаған дұрыс. Кейбір адамдар ішкіш, жалқау қазақ жігіттеріне тұрмысқа шыққанша, жағдайы жақсы өзге ұлтқа кеткен дұрыс деп ақыл айтады. Бізде бай болса болды, ұлтына қарамай кете бер деген қағида пайда бола бастады. Тұрмысқа шыққың келсе, шетелге барыңдар, ол жақта еркектер көп дейтін пікірлерді фейсбуктен оқып қалдым.
Бірде таксиге бірге мінген қыздың жанындағы жігіт түрік екен. Одан «бұған несіне қызықтың, қазақ жігіттері құрып қалды ма?» деп сұрадым. Ол: «қазақтың жігіттері дөрекі, жалқау, түріктің жігіттері сияқты қызға қатты көңіл бөлмейді» деді. Міне, осылай бір қыз басқа ұлтқа тағы кетті. Ал олардың өз елдерінде әйелі мен бала-шағалары бар. Не дейміз, өзге ұлтқа тұрмысқа шығып қойғандарға бақыт тілейміз. Ал әлі тұрмыс құрмаған қыздарға өзге ұлт өкілдеріне құмар болмаңыздар дейміз. Қазақстанда қыздар көп, жігіттер аз дегенмен де үйленетін жігіттер баршылық. Қорыта айтқанда, қазақтың қаны бұзылмасын, қазақ қыздары тек қазақ жігіттеріне тұрмысқа шықсын дегіміз келеді.
Серік Тулекбаев деген азаматтың мына пікірі де ой саларлық: «АҚШ — қа оқуға кеткен бір құдашамызды ертең керемет маман болады, елге қызымет етеді деп үміттеніп тамсанып жүруші едік. Сол құдашам АҚШ – та бір қытайдың қысық көзі мен көңіл жарастырыпты. Қыз ұзату тойында, құдамыз мынандай тілек айтты: « өзім орыстардың арасында өсіп, шала қазақ болғаныма өкінетін едім, бар арманым қыздарым қазақ азаматқа тұрмысқа шығып, менде құда болып, құйрық-бауыр жеп, төрінде шалқайып жатармын деп армандайтын едім. Әттең сол арманым орындалмады, қазаққа құда болмақ түгіл аялап өсірген балапаным қазақ жерін, елін тастап кеткелі тұр» деп еңкілдеп жылап, ағайынынан кешірім сұраған болатын. Алланың қалауы осы шығар дей салатын қазаққа, айтарым, қызды қырық үйден тиып, тәрбие бере алмаған, ата- ана бақытсыз деп санаймын. Қазақ қазақпен ғана бақытты, ұлтыңның тілін, салт- дәстүрін білу, жанын түсіну нағыз бақыт деп білемін, басқасы жәй далбаса».
«Әрине, адамның кімге үйленуі – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Алайда, аралас неке – аз халықты жұтудың жақсы жолы» депті Сэм Харисон. Шынында да бұл сөздің жаны бар. Аз ұлттар азулы ұлттардың кең көмейіне жұтылып жатқан мына заманда қазақ қыздары етектеріне ие бола алмай жүргені бар қазақтың қайғысы!
ЗАҢНЫҢ ӘЛСІЗДІГІН…ҚЫЗДЫҢ АРСЫЗДЫҒЫ БИЛЕГЕН ЗАМАН…
Сонымен қазақтың айдай бір ару қызы Африкалыққа ұзатылды. Нәсіліне тиісіп, мазақ етуге хақымыз жоқ. «Әттең –ай» дегеннен басқа қолдан не келеді? Ал орыс тілді БАҚ: «Любовь не знает границ»- деп, қазақ қызының зәңгіге күйеуге шыққанын айыздары қана жазып жатыр… Жарнамалап жатыр. Оларға бұл таңсық емес болар. Бізге бұл сөз түрпідей тиюде. Бұған ашуымыз келіп, намысымыз оянбаса несіне қазақ болып жер басып жүрміз.
Статистикаға жүгінсек, көңілдегі көп күдік ұлғая түседі. 2008 жылдан бастап 2018 жылдың 10 қарашасына дейін елімізде 70207 аралас неке тіркелген. Қазақстандық 40908 ер азамат өзге ұлттың өкілін өзіне серік етсе, 29299 қазақстандық қыздар өзге елдің азаматына тұрмысқа шыққан.
Осы деректерге нақтырақ тоқтала кетейік. 2016 жылы ер азаматтарымыз қытайдың 66, Ресейдің 1067 азаматшасымен неке қидырса, қыздарымыз 62 – қытай, 189 – түрік, 858 – ресейлік азаматқа тұрмысқа шыққан. Ал биылғы жылдың 10 – шы қарашасына дейінгі мәліметтер төмендегідей: Тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздар: Қытай – 41; Түркия – 126, Ресей – 786.
Керісінше, өзге ұлттан өзіне жар таңдаған қазақстандық ер азаматтар: Қытай – 39, Ресей – 912. Бұл ресми дерек қана. Ал тіркеуге тұрмаған, азаматтық некеде жүрген қаракөздеріміз бұдан да көп болуы мүмкін.
Көршіміз қытайдан қауіптеніп жүргенде «Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықтының» кері келіп тұр. Қыздарымыздың қалағаны «жақсы жағдай» болса, шетелдік күйеу баланың көксегені не? Бұл жағын барлаған ешкім жоқ. Бізге тек қатал заң жетпейді. Мәселен, Түркияда шетел азаматтарының түрік қыздарымен танысуына рұқсат берілмейді. Ал, арабтар өзге ұлттарға қыздарын бермейді. Түркіменстанда жергілікті қызды алу үшін сол елдің азаматтығын қабылдап барып, сосын Үкіметке 150 мың АҚШ доллары ретінде салық төлеу қажет. Ал бізде ше? Бізде көлденең келген көк атты қыздарымыздың көрпесіне кіріп кете береді. Салынатын салық, алынатын қалыңмал болмағасын, тегін қыздарға қырғидай тию жалғаса бермек. Қыздарды қорғайды дейтін – заңымыз солқылдақ, идеологиямыз әлсіз! Оны өзгелер де біліп отыр.
Адам тіршілігі үшін идеологияға мұқтаж. Онсыз адамдар қазіргі жетістіктеріне жете алмаған болар еді. Мысалы, ерте заманда қай жерде болмасын бүкіл жер шарында өмір сүріп жатқан адамдарда тек бір идеология үстем еді — ДІН. Бірақ адам интеллектісінің өрбуімен қатар, аса маңызды өзге де идеологиялар пайда болды. Бұлар: Ұлтшылдық, капитализм, гуманизм және демократия. Дінмен қосқанда барлығы бес негізгі идеология. Бұл бес негізгі идеологиясыз қазіргі әлемде бәсекеге қабілетті, қуатты һәм тұрақты мемлекет болып тұру өте қиын, бәлкім мүмкін де емес. Ендеше тәуелсіздігіне 30 жылға таяған елімізде күрмеуі шешілмеген мәселелер андыздап тұрғанын ашық айтатын кез келді.
Бүгінде басқа ұлтқа үйлену немесе күйеуге шығу трендке айналғанын жоғарыда айттық. Ешкімді кінәлауға болмас. Бірақ бір байқағаным — өзге ұлттан әйел алғандар қартайған уақытында қазақтың қызын алмағанына өкінеді екен. Бұл жайлы бір туысым айтқан еді. Оның бір таныс қызы анасы басқа ұлттан болғандықтан әкесі тек қазақ жігітіне күйеуге шығасың деп талап қойғанын айтыпты. Осы сөз менің көкейімнен шыққан емес. Мұны өзгелерге сабақ болса екен деп айтып жатырмын.
Қазақ жеті атаға дейін қыз алып, қыз беріспеген текті ұрпақ. «Жеті атасын білмеген – жетесіз!» деген намысқа бергісіз сөзіміз тағы бар. Біздің ұлттық дәстүрімізде бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б. жеті атасын кішкентайынан жаттап өседі. Өзінің ата-бабасын, жеті атасына дейін білу – әр азаматтың міндеті. Сол арқылы өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Байқауымызша, бүгінде осы жеті атасын білуге ұмтылмайтын жастардың қатары мол. Аралас некенің көбейіп отырғандығының бір себебі – ата-бабасының арғы тегін, қайдан шыққандығын білмеуі әсер ететіндей көрінеді. Біле білген, түсіне білген адамға Жеті ата түсінігінің түп төркіні тереңде жатыр. Біздің этникалық ерекшеліктерімізді танытып, әрі қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болғандығын ескеруіміз керек. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болғандығы белгілі. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы «қазақ халқы – бір атаның баласы, бір тамырдан тараған» деген ұстанымды орнықтырғаны хақ.
Осы салт-дәстүрді білмегендіктен, жастайынан бойына сіңіріп өспегендіктен біздің бүгінгі жастарымыз «өзім білемдікке» салынып, артынан опық жеп жатады. Өмір болған соң, оның қалтарысы мен бұралаңы болуы да заңдылық. «Тағдырдың басқа салғаны осы болар, мен көндім» демей, тығырықтан шығар жол іздеп, ең дұрысы тектілігіңді сақтап, ата-баба салтымен жүрген дұрыс-ау. Әйтпесе, жастықтың буымен махаббаттың бал күндерін өткізіп, кейін өкініп, өмір бойы тағдырдың уын ішкеннен өткен азап жоқ болар, сірә.
АФРИКАЛЫҚ АРАЛАР…. ХАЛҚЫМ ОДАН САБАҚ АЛ…
ТҮЙІН: Бір кезде жаппай қытайға тиіп еді, енді байқасам африкалықтарға тиіп жатқан қыздар саны көбейіп келеді екен. Мұның себеп-салдарын әлеуметтанушылар мен психологтар зерттеп — зерделей жатар… Мен өз қорқынышымды атайын. Жазушы Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повестінде мынадай бір оқиға суреттеледі. Африкалық аралар жайлы.
«….Осы өңірге екі жылдан бері қоныстанған «қауіпті будан», яғни ғылыми тілде «жауыз ара» деп аталар араның жаңа тұқымы алапат еңбекқор еді. Жұмысын жергілікті шыбындардан гөрі тым ерте бастайды да, күн батқан соң да, екі сағат нәр таситын.
Ал бұл араның қысқаша өмірбаяны былай еді: 1956 жылы генетик-селекционер У. Керр африкалық бал арасын алып келеді де, жергілікті тұқыммен будандастырады. Африканың аралары шапшаң, әлі алысқа ұшады, анасы балалағыш. Буданнан пайда болған африкаландырылған араның сыртқы пішінінде пәлендей айырмашылық болмағанымен, еңбекқор және қауіп төнсе, тобымен шабуыл жасайтын өте агрессивті болып қалыптасқан. «Жауыз ара» атануы да содан. Айталық, осы Африка мен Европа арасының арасынан пайда болған буданның шағуынан 1969 жылы Бразилияда 200 адам өліп, мыңдаған адам жарақат алған. Кісілер үшін жергілікті, яғни өз арамыздан гөрі африкаландырылғандардың уы әлдеқайда қауіпті. Алысқа ұша беретіндіктен, Европалық аралармен шағылысып үлгерген. Табиғат құпиясы қызық қой, неге екені белгісіз, жергілікті араның аналары осы «жауыз араның» еркегімен шағылысуға тым құмар. Сондықтан да өз арамыздың кейінгі балаларының мінез-құлқы өзгеріп, африкалана бастаған. Мұның өзі байқап, салыстыра зерделегенде, адамдардың бойындағы шет елге деген қызығушылық психологиясын еске салушы еді. Африкаланған жаңа тұқымды шыбын-шіркейді қойып, адамдарымыздың арасында да ондайлардың барын көзіміз көріп жүр…
Енді, міне, кейбір ұялардан африкаландырылған араның сойқан ұрпақтары бас көтере бастады. Сөйтіп, Алтай — Америка — Африка тұқымдас жаңа, мүлдем таңсық, мінез-құлқын, ата-тегін ешбір омарташы ажыратып та, ұғып та болмайтын «жастар» жаратылды».
Шетелдіктерге тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздары жайлы толғанғанда осы повесті барша қазақ баласы қайтара бір оқып шықса шіркін деген ойға қаламын.
Егер шетелдік азаматтарға қыздарымыздың «құштарлығы» басылмаса, оларға ата-аналары тағылымды тәрбие бере білмесе, қазақтың кең пейіліндей далиған даласына келешекте кімдер иелік ететінін тап басып айту қиын… Бірақ қорқыныш басым… Ең бастысы, ұл мен қыздың тәрбиесіне немқұрайлы қараудың арты тұтас ұлттың жер бетінен жойылуына апарып соғатынын естен шығармаған абзал.
Нағашыбай Қабылбек
«Qazaqstan dauiri» газетінен