Таразда нан бағасы  көтерілді

 

Тараз қаласында 1-сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы 70 теңгеден 75 теңгеге көтерілді.

Оған 2018 жылдың соңында сотүстіктегі бидай бағасының 55 теңгеден 75 теңгеге, 1 сұрыпты ұн 68 тен 98 ке дейін қымбаттауы әсер еткен болатын.
Инфляциялық үдірістерді тежеу мақсатында 5 наурыздан бастап тұрақтандыру қорынан 94 теңгеден алынған 4 314 тонна ұн наубайханаларға 85 теңгеден (кг) босатылды, бөлке нанның бағасы 70 теңге деңгейінде тұрақталған етін. Ол үшін, қажетті ұн көлемінің баға айырмасын өтеуге тұрақтандыру қорынан 38,8 млн. теңге қаржы жұмсалды.
Облыста астық ору науқаны жүріп жатқанымен, орылған бидайдың көлемі нарықтағы бидай бағасын төмендетуге әсер етпейді, бірақ баға тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Нарықтағы жағдайды зерделей келе Тараз қаласы мен облыс орталығына жақын маңдағы аудандарда нан бағасы 5 теңгеге көтерілуіне негіз бар. Максималды құны 75 теңгеден аспайды. Сондай-ақ, Облыстағы нанның орташа бағасы республикалық ең төменгі 73 теңге бөлке деңгейінде орташа республикалық баға 83 теңге/бөлке қалады.
Бұл ретте тұрақтандыру қорындағы тұрақтандыру қорында 686 мың бөлке нан қоры бар нан 55 теңгеден әлеуметтік дүңгіршектер, коммуналдық базар және ірі сауда орындары арқылы Корзина, Смалл, Нурислам, Дәмдес, Гаухар және т.б. тұрақты өткерілетін болады. Айта кетейік, Тараз қаласының сауда орындарының басым бөлігінде нанды өзіндік құнынан төмен бағадан 50-65 теңге тарату науқаны «Ассорти», «Кристал», «Нурислам», «Акбар» және тағы басқа сауда орындарында жалғасатын болады.