Павлодар облысында полицейлер қомақты қаражатты жоғалтқан азаматқа ақшасын тауып берді
Екібастұз қаласы полиция басқармасы патрульдік қызмет ротасының инспекторлары, полиция аға лейтенанты Манарбек Мақсұтов пен полиция сержанты Дархан Бүкетов, автосапаржайдың қызметкерлері жоғалған сөмкені иесіне тауып беруге көмектесті.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Қарағанды қаласының тұрғыны Баймырза Қадырбеков жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі және 775 000 теңге сомасында ақшасы бар сөмкесін жоғалтып алған. 31 шілде күні сағат 23.00-де Семей-Қарағанды рейстік автобустың жүргізушісі Екібастұз қаласы арқылы өткен кезде автовокзал платформасында өзінің сөмкесін кездейсоқ түсіріп алған.
— Бағыт бойынша Бәйет ауылынан келе жатқан кезде менің әріптесім сөмкем жоқ екендігіне назар аударды, ол өйткені менің иығымда ілініп тұратын. Бұл Екібастұздан 20 шақырым жер. Содан кейін мен бірден автосапаржайдың диспетчеріне және кезекші бөліміне 102-ге қоңырау шалдым. Не істерімді білмей уайымдай бастадым. Бұған қоса, аз сома емес. Алты адамды асырап отырмын. Жалғыз асыраушы өзім ғана деп уайымдай бастадым. Кері қайту мүмкін болмады, өйткені салонда Қарағандыға дейін жол жүріп бара жатқан адамдар бар, — дейді Баймырза Серікбайұлы.
Бұдан кейін жүргізушінің телефонына өзін полиция қызметкері деп таныстырған ер адам қоңырау шалып, сөмкенін табылағынан айтқан.
— Сол сәтте қуанышымда шек болған жоқ, өйткені бұл ақшаны тапсырыс бойынша беру керек еді, — деп Баймырза Серікбайұлы полиция қызметкерлері мен сапаржай қызметкерлеріне алғысын жаудырды.
Әлихан Рахметоллаұлы