Денсаулық – басты байлық

Тамақтан улану кезіндегі алғашқы жәрдем

Улану ағзаға қандайда бip жолмен түскен улы заттардың салдарынан туындайды. Улану қатты және созылмалы болады. Біріншісі ең қауіпті, өйткені адамның ағзасына түскен көп мөлшердегі у өмірлік маңызды мүшелерді бұзуға кіріседі. Мұндай жағдайда ағзаға тез арада алғашқы көмек көрсету қажет.

Адам қатты уланып қалған жағдайда тез арада «Жедел жәрдем» шақырған жөн. Болмаса жәбірленушіні жақын маңдағы ауруханаға шұғыл жеткізу қажет. Дәрігер келгенше уақыт жоғалтпай, кез келген улану жағдайында адам ағзасынан уды шығару амалдарын жасалуы қажет. Егер у тамақ арқылы түскен болса, уды шығарудың ең тиімді жолы — асқазанды шаю. Ол үшін ауру адамға көп мөлшерде су бepіп, тілдің тамырын саусақпен басып құстырған жөн. Адам қандайда бip затпен уланғанда ғана асқазанды шаю керек, өйткені миокард инфаркты, аппендицит және тағы басқа аурулардың да осындай белгілері болуы мүмкін. Бұл әcipece қарт адамдарға қатысты. Егер сырқат басқа себептерден тууы мүмкін деп күдіктенсеңіз, асқазан жуу процедурасы мен дәрі-дәрмектерді бермей тұра тұрған жөн, өйткені аурудың жағдайын одан бетер ушықтырып жіберу қаупі бар.

Тамақтан улану

Тамақтан улану адамның бактерия, вирус, ұсақ жәндіктер немесе өсімдіктер (мысалы, планктон), саңырауқұлақтар, паразиттер немесе токсиндермен зарарланған тағамдарды тұтынғаннан болады. Алайда мұндай азықтың адам ағзасына түсуінен әрдайым ауру туындай бермейді. Кейбір адамдар оларға бекем болады, ал басқалары тез жұқтырып, қатты ауырады.

«Тамақтан улану» термині кейде гастроэнтерит синонимі ретінде қабылданады, алайда бұл eкeyi бip емес. Гастроэнтерит — асқазан мен ішектің қабынуы. Бұл ауруға көптеген факторлар әсер етеді, соның ішінде тамақтан улану да. Тамақтан улану белгілері: Жүрек айну, құсу, іш өту, араарасында іштің түйілуі мен ауруы ішек инфекциясының белгісі. Кейде бұл белгілер бip-екі күнде кетіп қалады және арнайы емді қажет етпейді. Егер ауру белгілері екі күннен кейін кетпесе және ағзаның құрғағаны (ауыздың кeбyi, бас айналу, қошқыл сары несеп немесе несептің азаюы) байқалса, дереу дәрігерге қаралған жөн. Мынадай жағдайда жедел жәрдем шақырыңыз немесе ауруханаға барыңыз: — тамақтан улану балада, жүкті әйелде, созылмалы ауруы бар адамда немесе қарт адамда болса; — егер келесідей белгілер пайда болса: көздің бұлдырлауы, сөйлеу, жұтыну қиындаса.

ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР АУРУЛАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек-қан тамыры ауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның 80 пайыздан артық жағымсыз факторлары адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық сал-мақ және семіздік — жүрек-қан тамыры ауру-ларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы. Сондықтан дұрыс тамақтануға зор мән берген жөн. Жүрек-қан тамыры ауруларын қоздыратын тағы бip себеп — күйзеліс, торығу, ол адамдарды жасына қарамай жүрек талмасына ұшыратады. Көңіл күйдің денсаулыққа әcepi мол. Көңіл күйдің толқуы, мазасыздануы, адамның миы арқылы берілетін жағымсыз эмоциялар вегетативтік жүйені қоздырады. Одан барып ағзадағы қан айналымына, ішкі органдарға, эндокриндік бездердің қызметіне әсер етеді. Соның салдарынан ағзадағы гормондардың балансы бұзылады. Оның әcepi жүрек соғысының ырғағының бұзылуына, қан қысымының көтерілуіне, бұлшық еттердің, қан тамырларының тарылуына апарады. Мидың қан айналымы нашарлайды, ми клеткаларында оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Жүректің, мидың қан тамырларының қысылуы инфаркт, инсульт, жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, асқазан жарасы сияқты созылмалы ауруларға ұшыратады. Жүрек-қан тамыры ауруларына әйелдерден гөpi ерлер көп шалдығады. Мұндай тенденция 50-55 жасқа дейін, яғни әйелдердің жыныстық гормондарының жұмысы бәсеңдеген тұсқа дейін сақталады.

Вирусты гепатит

Вирусты гепатит — жұқпалы ауру. Оның энтеральді және пареэнтеральді түрлері бар. Энтеральді түріне А және Е гепатиттері жатады. Олар тұрмыстық қарым-қатынас арқылы таралады, көбінесе балалардың ұйымдасқан ұжымдарында күз-қыс мезгілдерінде жиі кездеседі. Бұл ауру әрбір 3-5 жылда өршіп тұрады. Ал парэнтеральді түріне В, С, Д гепатиттері жатады. Бұл ауру түрінің қоздырғыштары табиғи және жасанды жолмен жұғуы мүмкін. Табиғи жолмен жұқтыру механизмдері жыныстық қатынас арқылы беріледі; пареэнтеральді түрі анадан балаға және тұрмыстық қарым-қатынас кезінде, нақты айтсақ, тіс щеткалары, жуыну жөкелері, тарақтар мен қырыну құралдары арқылы беріледі.

Жасанды жолмен жұқтыру медициналық және медициналық емес манипуляциялар арқылы жүзеге асады. Медициналық жұқтыру тері-аллергиялық сынама, зақымданған қан немесе оның компоненттерін құю, инъекция жасау, операция жасау, стоматологиялық манипуляциялар, аборттар, гинекологиялық тексеру, органдарды трансплантанттау арқылы беріледі. Медициналық емес жолмен татуировка, сүндетке отырғызу, қырыну, маникюр және педикюр (қолданылатын құрал-саймандарды дұрыс зарарсыздандырмаған кезде) жасау арқылы беріледі. Бір ине қолданатын нашақорлар, медициналық манипуляция жасау кезінде жеке басын қорғау ережесін сақтамаған медицина қызметкерлері және донорлар арасында осы ауру жиі кездеседі. Тіс дәрігерінің қабылдауында болған кезде сіз бір рет қолданылатын және стерильденген медициналық құралды қолдануын талап ете аласыз. Сұлулық салондарында таза пенюарларды, маникюрға арналған ыдыстарды, қысқыштарды, бигудилерді және басқа да құрылғылардың таза болуын талап етуге құқылысыз. Татуировканы, пирсингті және құлақ тесуді санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар жерлерде жасау қажет.

А гепатитін жұқтыру кезінде делсалдық, тәбеттің болмауы, лоқсу және құсу сияқты белгілер байқалады. Науқас мұндай күйді 3-7 күн басынан кешеді. Аптаның соңына қарай сары аурудың белгілері пайда болады: зәрдің түсі өзгеріп, үлкен дәреті ағарады, көздің іші мен тері сарғая бастайды. А гепатитінің вирусы аурудың ағзасынан зәр және сілекей арқылы сыртқа шығады. Ауру сау адамға вируспен зақымданған тағам мен су, әртүрлі тұрмыстық заттар, жуылмаған қол және жеміс-көкөністер арқылы жұғады. Вирусты гепатитті жұқтырып алмау үшін жеке бас гигиенасын қатаң сақтау қажет. Бұл аурумен күресудің ең тиімді жолы — вакцинация жасау. Бұл тәсіл көптеген өркениетті мемлекеттерде өзінің тиімділігін көрсетті. Қазіргі кезде 2 жасар балаларды осы вирусқа қарсы егу шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі. Вирусты А гепатитіне қарсы екпе араға 6 ай салып, екі рет алынады.

Вирусты В гепатитіне қарсы кесте бойынша стандартты егу 710 жыл мерзім ішінде адам ағзасын тиімді қорғап тұрады. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинаның бірінші дозасы жаңа туылған нәрестеге 24 сағат ішінде салынады, келесі дозасы 2-ші ай, 3 доза 4ші айда салынады. Медициналық қызметкерлер мен медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін егу ҚРҰЭМ 2015 жылдың наурыз айының 12 жұлдызындағы №194 бұйрығына сәйкес 0-1-6 кестесіне сәйкес жүргізіледі. Вирусты В гепатиті ошағында қатынаста болғандар мен қан және оның компоненттерін құйғандарды егу шұғыл түрде 0-1-4 кестесіне сәйкес жүргізіледі. Егілу қаланың емханаларында және медициналық орталықтарда жүргізіледі.

Дайындаған Гүлфия ЕЛЕМЕСОВА