Павлодар облысында экологиялық сенбілік өтті  

“Бірге – таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында жалпы облыстық экологиялық сенбілік Усолка өзенінің арансы мен Ертістің жағасында өтті. Акцияның мақсаты тек санитарлық тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, қоғам мен халықтың назарын қоршаған орта жағдайына аудару, азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауы болып табылады.

Сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, “Жасыл Ел” және “Жас Отан” жастар отрядтары қатысады.

– Өткен жыл Экология жылы болды, – деп атап өтті облыс әкімі Болат Бақауов. – Біз балабақшадан бастап балаларды қоқысты бөлек жинауға және тазалықты сақтауға үйрете бастадық. Биылғы жылы Экология министрлігі “Бірге – таза Қазақстан” акциясын жариялады. Бұл флешмоб емес, митинг емес, бір жолғы шара емес. Біз облыстың бүкіл аумағын ретке келтіруіміз қажет.

Экологиялық сенбілікке облыс басшысымен бірге оның отбасы қатысты.

– Мұндай акциялар болашақ ұрпақты туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, – деп есептейді аймақ басшысының зайыбы Мәдина Жақыпова. – Балалар үлкен ортақ іске қатыстылығын сезінеді. Мұндай акцияларды жыл сайын өткізу керек деп есептеймін.

Демалушы зейнеткер Игорь Власовтың пікірінше, Усолка жағасында қоқыс контейнерлерін көбірек қою керек.

– Сонда тәртіп жоғары болады, – дейді Игорь Власов. – Біз табиғатқа келіп, әрқашан қоқысқа арналған пакеттерді алып, оларды қоқысқа тастаймыз. Олар көпірдің кіретін және шығатын орындарында қойылған.

Экологиялық сенбілікке квадроцикл айдаушылар клубы белсенді қатысты. — Біз тазалықғы адамды таңдандыратын елдерден қай жеріміз кем, – деді клубтың жетекшісі Виктор Ромакер. – Тәртіпті өзіңнен бастау керек. Өкінішке қарай, барлық адамдар бұл біздің жеріміз, біздің еліміз, біздің қаламыз деп қарамайды, ал біз олардың алдында және болашақ ұрпақ үшін жауапты боламыз.

Nur Otan облыстық филиалының 20 қызметкері Усолка жағалауын жинауға қатысты. Экомараофн аясындағы сенбілікке өңірдік 10 мыңнан астам тұрғыны қатысты.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы