Екібастұздағы индустриялық аймақты энергиямен қамту мәселесі энергетика министрілігінің деңгейінде қаралады
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов болашақ индустриялық аймақтың орнында көшпелі жиналыс өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның соңында Екібастұздағы №1 МАЭС-де қаланың индустриялық аймағын дамыту мәселелері қаралған жиналыс өткен еді. Бұл жерде бірнеше энергияға мұқтаж кәсіпорын орналастыру жоспарланған. Бұл жобаларды жүзеге асыруға қажетті инвесторларды арзан электр энергиясы қызықтырады деп күтілуде. Алайда, болашақ зауыттарға электр энергиясы бастапқы уақытта жоспарланғандай №1 МАЭС-тен емес, «KEGOC» АҚ-нан, нақтырақ айтқанда, оның Екібастұздағы қуаттылығы 1150 кВт бөлімшесінен жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
— Бізге тек қосымша энергия тұтынушыларды тауып берсеңіздер, біз көмірді көбірек өндіріп, мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құрамыз, — деді аймақ басшысы. – Жергілікті билік тарапынан қажетті көмектің бәрін көрсететін боламыз.
Болат Бақауов облыс үшін бұл жобагның іске асырылуы аса маңызды екендігін атап өтті. Жоба сәтті жүзеге асқанда ғана, инвесторлар кәсіпорын слауға қызығушылық танытады. Энергетика вице-министрі өз кезегінде бұл мәселені министрлік деңгейінде көтеріп, алдағы уақытта тараптар болашақ индустриялық аймақты электр энергиясымен қамту бойынша өзара келіссөздер жүргізе алатынын айтты.
Әлихан Рахметолаұлы