ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ӨТУДЕ
Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы мен Түркістан облысының Полиция департаменті, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы жолдарға тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізілуде.
Іс-шара барысында 1157 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды, нәтижесінде 24 миллион 891 мың теңге сомасында айыппұл салынып, оның 22 миллион 956 мың теңгесі өндірілген.
Рейдтік іс-шаралардың басым көпшілігі Төрткөл-Арыс бағытында инертті материалдарды (құм, тас, құмды шағал тас және т.б.) тасымалдау және Бадам-Сарыағаш бағытындағы жолдарда жеміс-жидек тасымалы мен айналысатын транзиттік көліктерге қатысты жүруде. Сондай-ақ, жүк көліктердің оське түсіретін салмағын ретке келтіру үшін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі