Елорданың инвестициялық дамуы қандай деңгейде?

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында бюджеттік инвестициялар үлесінің 2016 жылғы 42%-нан ағымдағы жылдың 7 айында  10%-ға дейін төмендеуі байқалады. Инвесторларға кедендік және салықтық жеңілдіктер беретін арнайы экономикалық аймақтар құрылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Әкімдікте елордаға инвесторлар тарту мен олардың қызметі туралы сенімді деректер жинау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев және Нұр-Сұлтан қаласы Статистика департаментінің басшысы Жорабек Дауренов баяндады.

Инвесторлармен барлық мәселелер бойынша тікелей жұмыс істеу, оларды тарту және инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізуді «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы жүзеге асырады.

Қалаға инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі — арнайы «Астана — жаңа қала» және «Астана-Технополис» экономикалық аймақтары. Олар әлемде инвестиция ағынын ынталандыру құралы ретінде пайдаланылатын «еркін экономикалық аймақтар» механизміне сәйкес жұмыс істейді.

Тұрғындарды сенімді әрі сапалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді жағдайдың шынайы көрінісін дереккөздер негізінде сандармен жеткізетін мемлекеттік статистика органдары жүзеге асырады.

Осыған байланысты алдағы жұмыс жоспарын нақтылау мақсатында бизнес пен инвесторлар өздерінің қызметі туралы объективті және шынайы мәліметтер ұсынуы керек екенін еске саламыз.

Нақты емес есеп  ұсынған немесе мүлдем ұсынбаған жағдайда Заңнамада  

жеке тұлғаларға — 10 АЕК, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын бизнес субъектілеріне — 14 АЕК, орташа кәсіпкерлік субъектілері үшін — 20 АЕК, ірі бизнес субъектілері үшін — 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салу ретінде әкімшілік құқықтық жауапкершілік қарастырылған.

Қайталанған құқық бұзушылық орын алған жағдайда айыппұл мөлшері артады: жеке тұлғаларға — 14 АЕК, лауазымды адамдар, коммерциялық емес ұйымдар және шағын бизнес субъектілеріне — 20 АЕК мөлшерінде, орташа кәсіпкерлік субъектілері үшін — 40 АЕК, ірі бизнес үшін — 150 АЕК мөлшерінде.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 497-бабына сәйкес бастапқы статистикалық деректерді тиісті мемлекеттік статистика органдарына тапсырмау әрекетіне алғаш рет ескерту қарастырылған.

Осылайша, елордалық статистика департаменті 2019 жылдың тек бірінші жартыжылдығында ғана әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 989 400 теңгеге айыппұл салынған 236 хаттама толтырды (оның ішінде 2 ірі заңды тұлғаға айыппұл салынды).