Цифрлық даму министрі Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді
Өңірге ажсаған жұмыс сапарының барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіб министрі Асқар Жұмағалиев ІТ-форумның жұмысына қатысты. Министрі Павлодар облысындағы цифрландыру жұмыстарына оң бағасын берді.
Инвесторлар үйінде өткен ІТ-форумға еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар қатысты. Форум барысында павлодарлық ІТ-мамандар құрастырған 17 жоба таныстырылды.
— Павлодар облысы ІТ-технологияларды дамыту бойынша әрдайым көш басында келеді, — деді Асқар Жұмағалиев. – Білім беру сапасы бйоынша паавлодарлық орта мектептер бірінші орында тұр. Оқушылар қазірдің өзінде өте қызықты жобаларды құрастырумен айналысады. Кейбір жобалардың авторларын біз Нұр-Сұлтан қаласындағы Аstana Hub орталығына шақырдық. Олар өз жобаларын шет елдерде таныстыра алады. Мемлекет стартап жобалардың дамуына ыңғайлы жағдай жасап отыр.
Сонымен қатар, форумда Павлодарда өткен хакатондар сериясының жеңімпаздарына жүлделер тапсырылды және С. Торайғыров университеті мен Астана Хаб халықаралық технопаркінің арасында меморандум жасалды.
Меморандумға Astana Hub технопаркінің бас директоры мен ПМУ-ің ғылыми жұмыс және инновация бойынша проректоры Нұрлан Ержанов қол қойды.
— Бізідң мақсатымыз өңірдің ақпараттық қауымдастығын дамыту және тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында ІТ-технологияларды насихаттау болып табылады, — деді Нұрлан Ержанов.
Бұдан кейін Асқар Жұмағалиев Халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Мұнда оған өңірде мемлекетік қызметтердің көрсетілуі туралы айтылды.
— Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы 150 мыңнан астам ЭСҚ берді. 350 мыңнан астам павлодарлық Мобильді азаматтар базасында тіркелді. Филиал 723 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде, Connection point секторлары арқылы обылс тұрғындары 504 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алды, — деді ХҚКО-ың мамандары.
Жұмыс сапарының барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Павлодар ауданындағы Шақат ауылына барды.
Сондай-ақ, Асқар Жұмағалиев Павлодар мұнай-химия зауытында болып, орталық операторлық пункттің жұмысымен танысты. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің басшысы қоспалы алюминий жасап шығаратын «Гиссенхаус» ЖШС-ің басшылығымен кездесті.
Әлихан Рахметоллаұлы