Ағылшын тілі мұғалімі ұлы ақынның шығармаларынан шабыт алады
Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Алена Шакирова ұлы қазақ ақыны, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбай шығармашылығын сүйіп оқиды.
Алена Шакирова қалалық Абай оқуларының 1, 2 орын жеңімпазы. Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнайы челленджте қатысып, қазақ ақынның өлеңдерінің үзінділерін мәнерлеп оқыды.
Алена Александровна № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Ол мектеп табылдырығынан бастап Абай шығармашылығына қызығушылығын танытқан. Аленаның атасы абайтанушы, Ұлы Отан Соғысының ардагері немересіне ақынның поэзиясына деген сүйіспеншілігін оятқан.
Алена Шакирова Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын орыс, ағылшын тілінде оқып, қазігі кезде қазақ тілінде оқуды жоспарлап жүр.
— Абай шығармалары мені әр күйзелістен сақтап қана қоймайды, шабыт та береді, — дейді Алена Александровна.
Ұлы Абайдың шығармашылығына деген сүйіспеншілігін өз шәкірттеріне насихаттайды. 6-шы сынып оқушысы Григорян Элизабет музыкамен айналысып, сайыстарда Абай әндерін орындайды. Оның қыздары музыкамен айналысады, би өнерімен шұғылданады, қазақ халқының салт — дәстүрлерін игереді.