Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Германияда тағылымдамадан өтіп жатыр
С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері жетінші жыл қатарынан Германиядан тағылымдамадан өтіп жатыр. ЖОО-ың агротехнологиялық факультетінің студенттері унввиверситеттің үздік серіктестерінің бірі — «DEULA-Nienburg» ауыл шаруашылығы Академиясының оқу орталығында тәжірибелерін молайтты.
Тағылымдама барысында студент жастар Германиядағы мал шаруашылығы және агрономиялық кешендерінің жұмысымен танысып, заманауи агробизнесті жүргізудің заманауи технологиялары, ауыл шаруашылығы техникасның брендтерімен танысты.
Тәжірибеден өтуге үміткер студенттер бірнеше кезең бойынша іріктелді. Шетелдік жұмыс берушілер стресске төзімділік, білім деңгейі, нәтижеге бағыт алу және шет тілдерін білуге баса назара аударады.
Студенттер жарты жыл ішінде өсімдік шаруашылығы, жануарлар селекциясы салаларындағы мамандандырылған түрлі фермерлік шаруашылықтарда жұмыс істейді.
— Германиядағы тәжірибе агроном мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарауға сеп болды. Мен табиғатты сақтау, климатты сақтау жөніндегі осы саланың үздік мамандармен жұмыс істедім. Мәселен, жылыжайларда өсірілетін өнімдер үшін органикалық, химиялық заттар мүлдем қолданылмайды. Германияда “climate changes” және «fridays for future» қозғалыстары жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығы мамандары жерді қорғап, климаттық өзгерістерге жол бермеуге шыақырады – дейді агротехнологиялық факультеттің үшінші курс студенті Айгерім Хисамитова.
Айгерімнің айтуынша Германияда агротуризм қарқынды дамыған. Ол «Hof Grafel» жылыжай кешенінде тәжірибеден өтті.
— Неміс мамандарымен тәжірибе алмасу аса қызықты болды. Бір қарағанда қарапайым көрінетін адам өз ісінің шебері екенін жасыруы да мүмкін. Мәселен, мен «Марвел» фильмдерінің видео-дизайнерімен таныстым, – дейді А. Хисамитова.
Әлихан Рахметоллаұлы