ПМУ оқытушыларының сурет туындылары Алматыдағы көрмеге қойылды

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің орталық көрме залында Қазақстан Суретшілер одағының Павлодар облыстық филиалы мүшелерінің «Ертіс-Баян маржандары» көрмесі өз жұмысын бастады. Іс-шара облыстық көркемсурет музейі мен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары көрмеге қойылған көркем сурет, кескіндеме туындылары мен зергерлік бұйымдарды тамашалай алады. Көрмеге қойылған туындылардың арасында ПМУ сәулет және дизайн кафедрасының оқытушылары – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор әбішева Сәуле мен аға оқытушы Асылғазина Зураның туындылары да бар.

Көрмеге келушілер сурет өнерінің түрлі жанрындағы суреттерді тамашалап, Баянауылдың пейзаждарын көре алады.

Көрменің ашылу салтанатында ҚР Көркем өнер академиясының мүшелері ПМУ-і жанындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ғалым Виктор Мерцке алтын медальм ен Академияның дипломын табыстады. Дәл осындай марапатқа ҚР Суретшілер одағының мүшелері Әнуар Игембаев, Өсербай Шоранов, облыстық көркемсурет музейінің директоры Айгүл Нұрғамисова, музей қызметкерлері Майя Құсайынова және Ольга Пашко ие болды.

Көрменің жұмысы 30-шы қыркүйекке дейін созылады.

 

Әлихан Рахметоллаұлы