Павлодар облысында нәзік жандылар энергетика саласында ерлермен қатар  жұмыс істейді

 

Ақсу МАЭС-ің басқару жүйелерінің өлшеу құралдары мен автоматикасын жөндеу цехында 10 әйел адам жұмыс істейді. «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ-на жұмыс сапарымен барған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ер адамдармен тең дәрежеде жұмыс істейтін нәзік жандыларға орден беру керек деп есептейді.  

Жылу қазандықтарының жылыту маусымына дайындығын тексерген Болат Бақауов энергетиктердің күрделі еңбек жағдайында жұмыс істейтінін көрді. Олардың қатарында зауыттағы еңбек өтілі 24 жылды құрайтын Гүлнәр Шүленова да бар.  

— Әріптестерімізбен бірге температура режимін қадағалап, қажет болғанда оларды өзіміз жөндейміз, — дйді Гүлнәр Шүленова. – Біздің цехте он әйел адам жұмыс істйді. Кәсіпорынға жұмысқа келген жас қыздарды мамандықтың қыр-сырына үйретеміз. Жұмысым ауыр еп айта алмаймын. Ең бастысы, мамандығым өзіме ұнайды.

Гүлнәр сегіз сағаттық жұмыс кестесіне қарамастан, отбасы мен үй жұмысына уақыт табады.

Менің жақындарымның бәрі де Ақсудағы ірі кәсіпорындарда жұмыс істейді, — дейді Гүлнәр Шүленова. – Жолдасым Ақсу ферроқорытпалар зауытында, қызым өзіммен бірге «ЕЭК» АҚ-ың МАЭС-де еңбек етеді.

Жалпы, «ЕЭК» АҚ-да бес мыңға жуық адам жұмыс істесе, олардың 1458-і – әйел адамдар.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы