Павлодар облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша 26 кездесу өткізілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша өңірде ақпараттық насихат топтары құрылған болатын. Қазіргі кезге дейін олардың мүшелері өңірідң барлық қалалары мен аудандарын аралап, тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік топтарымен жиырма алты кездесу өткізді.

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәлімдеуінше, топ құрамына депутаттар, қоғам белсенділері, жастардың қоғамдық бірлестіктері мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірген.

— Ақпараттық топтар халықтың әлеуметтік топтарымен жан-жақты конструктивті диалог түрінде түсіндірудің жаңа тәсілдерін қолданды, — деді басқармада. – Барлығы 5000-нан астам адамды қамтыған 26 кездесу өткізілді.

Еске салайық, 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау бойынша облыс активінің отырысы өткен болатын. 5 қыркүйекте өңірдің барлық қалалары мен аудандарының активтерінің отырысы өтті.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы