Павлодар облысының әкімі қытайлық NAALE компаниясымен шекті шартқа қол қойды
Бейжіңде өтіп жатқан Қазақстан-Қытай іскери кеңесінің отырысында тараптар 2020-2022 жылдары салынатын қант зауытының құрылысы туралы келісімге келді.
Әріптестік туралы құжатқа Болат Бақауовпен бірге NAALE компаниясының басшысы Чжан Ци қол қойды. Инвестор Павлодар облысында қуаттылығы жылына 110 тонна өнімді құрайтын қант зауытын салуды жоспарлап отыр. Өңір билігі кәсіпорынға қажетті инженерлік-коммуникациялық құрылым тартып береді. Сонымен қатар, инвесторлар жеңілдетілген салық және инвестициялық субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі деп үміттене алады. Шекті келісімге қол қойылғаннан кейін NAALE компаниясының басшылығы Павлодарда өз кеңсесін ашып, жобаны жүзеге асыруға кіріседі.
Павлодар облысының әкімі Фуцзянь провинциясындағы Фуцин қаласының үкіметімен де шарт жасасты.
Бұл келісімге сәйкес тараптар «Бір белдеу – бір жол» әріптестігі шеңберінде халықаралық Қазақстан-Қытай агроөнеркәсіпітк паркінің құрылысына қатысады.
Әлихан Рахметоллаұлы