Елдіктің қадірі осындайда сезіледі…

Апат айтып келмейді, әрі оған ешкім де бөгет бола алмайды…

11Әлемдік өркениет, ғылым-білімнің даму шегіне жетті-ау десек те, оның ешқашан да игере алуы мүмкін емес бір ғана дүние бар. Ол — табиғи кездейсоқ апаттар. Бұл тек бір Алланың ғана құзырында. Адамзат баласына ажалы атып келмейтініндей, осы апаттар да еш ойламаған жерден келіп опат қылады. Міне, сондай апаттардың бірі Монголияның қазақтары шоғырланған Бай-Өлке аймағы орталығында шілденің 11-і күні болған жойқын сел болып отыр. Бай-Өлке аймағы Монголиядағы жалғыз қазақ аймақ. Монголияда 150 мыңдай қазақтар тұрады десек, бұл көрсеткіш Монгол халқының 5-ақ пайызын құрайды екен. Халықты қапы қалдырған бұл сел, Монголияның Халық Революциясы жеңісінің 95 жылдық мерейлі тойымен тұса-тұс келді. Кешқұрым батысынан үйірілген қошқыл қара бұлт әп-сәтте нөсерлетіп бұршақ төгіп, артынша шелекпен құйғандай нөсер жауынға ұласқан. Биік таулардың ортасындағы ойпаңға, әрі үлкен дарияның жағасына орналасқан аймақ орталығы жан-жақтағы сай-саладан құйған үлкен селдің астында қалды. Селдің жойқын болғандығы сондай, айналасы екі-ақ сағаттың ішінде 130-дай отбасының баспанасын құлатып, онда тұратын 700 -дей адамды үй-күйсіз қалдырып тынды. Апат салдарынан төрт жасар сәби мен бір ер адам құлаған электр тоғына соғылып қайтыс болғаны мәлім болды.

9  10

8  12

Жырақтағы қандас бауырларымыздың қабырғасын қайыстырған бұл жағдай бізді де бей-жай қалдырған жоқ! Еліміздің әр өңірлерінен қоғам белсенділері қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда. Олардың мақсаттары түгелдей жарылқап жібермесе де, көңілі күпті болған ағайынға демеу болып, «Көп түкірсе көл», -дегендей барынша көмек көрсету. Жалпы осындай табиғи апаттарға тап болған қайсыбір елге, оның халқына көмектесу бүгінде күллі әлем жұртшылығында жақсы қалыптасқан үрдіске айналуда.  Сол үшін де:

..Ойланып байқа мұндайда,
Қуаныш қайда, мұң қайда,
Көріктей үрлеп көрерсің,
Заманың көнсе ыңғайға,
Құм шөлмек тектес ғұмырың,
Қапыда бір күн сынбай ма?

Сыбызғы тең бе, сырнайға,
Тобылғы тең бе, ырғайға,
Уызға жарып өскен ұл,
Қазанның түбін қырнай ма?
Қайғысын, көптің тартпасаң,
Көк тиын құның тұрмай ма?… дегендей, жырақтағы қандас бауырларымыздың басына күн туған осындай қиын-қыстау сәттерде оларға көмек қолын созу, баршамыздың адамгершілік парызымыз болмақ!

Бай-Өлке жұртшылығының Ата-жұртына алғысы шексіз!

1

Аймақ орталығындағы орын алған бұл төтенше жағдай, аймақ жұртшылығының еңсесін түсіріп есеңгіретіп тастағаны белгілі.Әлемдегі күллі қазақтың ата қонысы һам қара шаңырағы ретінде, селден зардап шеккен қандастарымызға жәрдемдесу елдік парызымыз болмақ! Сол үшін де Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсимовқа Бай-Өлке аймағының халқымен жүздесіп, олардың басына түскен ауыртпашылыққа Ата-жұрты Қазақ елі ортақ екендігін, әрі еліміздің атынан көмек қолдау көрсетілетіндігін айтып жеткізуді тапсырды. Елбасының арнайы2 тапсырмасымен шілденің 14-і күні Бай-Өлкеге барған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатарлы Қазақстандық өкілдерді Бай- Өлке жұртшылығы аса жоғары құрметпен қарсы алды. К.Мәсімовтың бұл сапары көңілі даладай аңырап қалған жұртшылықтың көңіліндегі кірбіңді сейілтіп, қайғырған жұртшылықты жұбатып, жылағандарын уатқандай болды. Олай дейтініміз, жергілікті аймақ әкімшілігінің  алдын ала хабарлауы бойынша жұртшылық Қазақстандық өкілдердің келетінінен хабардар болатын. Халықтың 3осындай көңілі жарым тұста, әлем қазақтарының қара шаңырағы болып саналатын Қазақстанның бірінші болып назар аударып, көмек қолын созып жатқандығына, әрі Үкімет басшысының өзі келгендігіне аймақ жұртшылығы ерекше риза болып қалды. Бастарына іс түскен осынау қиын кезеңде өздерінің арқа сүйер ата-жұртынан іздеп келген ағайынға деген олардың алғыс ризашылықтары шексіз. Іс сапармен барған үкімет басшысы аймақ жұртшылығымен жүздесіп, оларға Елбасының ыстық сәлемімін жеткізе отырып, сел апатынан зардап шегушілерге қолдау ретінде қаржы бөлінетіндігін жеткізді.

«Өзіңді сыйлағанның құлы бол», -деген….

«Өзіңді сыйлағанның құлы бол», -деген қазақтың аталы сөзі барды. «Артқы айылдың батқанын, Иесі білмес ат білер, Ағайынның қадірін, Туғаны білмес жат білер»-дегендей, Бай-Өлке жұртшылығы бастарына іс түскен «Тары жол-тайғақ кешу» күндерде алғашқы болып көмекке жеткен Қазақстандықтарға зор ықылыс ілтипаттарын білдіре отырып, үкімет басшысы Кәрім Мәсімовқа оқа-зерлі шапан жауып, ақбоз сайгүлік мінгізді.

                           5  6

ТҮЙІН: «Әр қазақ менің жалғызым», -деп Сабыр Адай бауырымыз жырлағандай, бүгінде бөтен елде, бөгде ортада тұрып жатқан 5 миллионға жуық қандастарымыз, шынтуайтында біздің жанымыздың бір бөлігі деуге болады. Еліміздің көші-қон саясатының нәтижесінде бүгінде сол шеттегі қандастарымыздың бір миллионға7 жуығы Ата-жұртына оралып та үлгерді. Соңғы жылдары саябырлап қалған көші-қонымыз биылдан бастап қайта жанданып жалғаса бастады. Осы орайда көршілес Монголияның Бай-Өлке аймағында тұрып жатқан қандастарымыздың жағдайын өз көзімен көріп келген, әрі ондағы ағайынның Ата-жұртқа жетсек деген тілек ұсыныстарын ет құлағымен естіген үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мырза осы мәселеге ерекше көңіл бөлер деген үміттеміз. Шынайы ниет болса, ондағы апаттан үй күйсіз қалған 100 отбасының көлік мәселесін реттеп көшіріп алу онша қиынға соқпас еді. Сол отбасыларды әкеліп көші-қон заңнамасында көрсетілген облыстарға қоныстандырып, баспана беріп жұмыспен қамтамасыз етсе нұр үстіне нұр болар еді.

                                                           Бағдал Ақынұлы.

ҚР Журналистер одағының мүшесі