Павлодар облысына жыл басынан бері ЕАЭО елдерінен 3314 асыл тұқымды қара мал әкелінді  

Облыстың 33 шаруа қожалығы Ресей, Чехия, Эстония елдерінен «Сыбаға» мемлекеттік бағдаралмасы бойынша 3314 бас ірі қара мал сатып алған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашит Нұрбеков айтып берді.

— Шаруалар сүтті бағыттағы симментал, етті бағыттағы герефорд және абердин-ангус тұқымды сиырларды сатып алды, — деді Рашит Нұрбеков. – 31 шаруашылықта карантин аяқталды, екі фермерлік қожалықтың малдары әлі карантинде тұр.

Рашит Нұрбековтің айтуынша сиырлар негізінен Ресей Федерациясынан сатып алынады. Сатып алу кезінде сол өңірдегі эпизоотиялық жағдай есепке алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу кезінде шаруалар экспорттаушы кәсіпорынның Кеден одағының кәсіпорындарының реестрінде болуын есепке алулары қажет.

— «Ресейауылшаруашылығыбақылау» мекемесінің өңірлендіру картасына сәйкес федерацияның аумағы шартты түрде 50 фермерлік қожалық енетін вакцинация жүргізілмеген және құрамында 30 нысан бар аусылға қарсы вакцинация жүргізілген қолайлы аймақтарға бөлінеді, — инспекция басшысы.

Жыл соңына дейін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша өңірге жеті мыңға жуық ірі қара мал әкелу жоспарланған. Бағдарлама бойынша 4 пайыздық мөлшерлемемен 15 жылға дейін несие беру қарастырылған.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы