Жастар жұмыссыздығымен кешенді күрес
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жастарға айрықша басымдық бергені белгілі. Оған қоса келер жылды «Еріктілер жылы» ретінде жариялап, бүгінгі буынға деген үлкен сенімін білдірді. Өз кезегінде биыл Жастар жылында осы сенімге селкеу түсірмеу бағытында көптеген жұмыс атқарылуда. Оның бір легі жастар жұмыссыздығымен күрес Жамбыл облысында жоспарлы жүйесін тапқан.
Мәселен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылы
2,4 пайызды(2018 жылы- 2,4%) құрады (Республика бойынша көрсеткіш- 3,7%). NEET (жұмыссыз, оқымайтын) санатындағы жастардың үлесі 2019 жылы 7,7 пайызды (2018 жылы- 9,2) межеледі.
Бекітілген межеге сәйкес үстіміздегі жылы 11 мың (10 943) жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуда.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 9180 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Олардың 3684-і ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 1253-і қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 2108 түлек жастар тәжірибесіне, 293-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 979-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Ал, 437 жас «Бизнес-бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданып, 141-і шағын несие алды, 285 жас қайтарымсыз грант алды.
Облыс бойынша 1 өңіраралық, Тараз қаласы мен аудандарда
32 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізілді, оларға 16-29 жас аралығындағы 684 жас қатысты. Жәрмеңкелер нәтижесінде 308 жас тұрақты жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 29 жас, кәсіби оқытуға- 13, әлеуметтік жұмыс орындарына- 1, жастар
практикасына- 89 жас, маусымдық жұмыстарға 8 жас жіберілді.
Биыл 1 мыңнан астам жасты «Жасыл ел» еңбек жасағы сапында маусымдық еңбекпен қамтуға 73,0 млн. теңге (48 млн. теңге РБ, 25 млн. теңге ЖБ) қаржы қаралды. Жасыл елдік жастардың күші Тараз қаласындағы иесіз су жүйелерін (каналдар) тазартуға жұмылдырылды. Олардың орташа еңбекақысы 60 мың теңге. Мамыр-шілде айларында Тараз қаласында 150 NEET жас және 250 студент жастар канал тазарту жұмыстарымен айналысты. 252 өңір (198 ұл, 54 қыз) жастары құрылыс нысандарында маусымдық еңбекпен қамтылды.
Бұның барлығы ел ертеңі саналған жастардың келешегін кемелді етуге бағытталуда. Сондықтан да бас бармақпен бағалауға тұрарлық.
Дедек Төлен