Бағдары дара бастама талай жастың жолын ашуда

  Мемлекеттік саясаттағы ең ауқымды, әрі ең жемісті жобалардың бірі — «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы десек артық айтқанымыз емес. Бағдарлама аясында бағдарын тапқан жұмыстар жетерлік.  Оған Жамбыл облысындағы ауқымды  алға басқан бастамалар дәлел бола алады. 

Мәселен 2019 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында
657 маманға 125 миллион  теңгеге көтерме жәрдемақы және 256 маманға тұрғын үй сатып алуға 970 миллион  теңге қаржы қарастырылған.

Үстіміздегі жылдың  1 қыркүйегіне 437 маманға 81,1 миллион  теңге көтерме жәрдемақы және 201 маманға тұрғын үй сатып алуға 725,1миллион  теңге несие берілген.

Білім саласы бойынша 288 жас маманға 52,9 миллион  теңге көтерме жәрдемақы және 121 жас маманға 439,8 миллион  теңге тұрғын үй сатып алуға несие қарастылыды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 95 маманға 18,2 миллион  теңге көтерме жәрдемақы және 55 жас маманға 195,8 миллион  теңге тұрғын үй сатып алуға несие берілді.

Мәдениет саласы бойынша 9 жас маманға 1,6 миллион  теңге көтерме жәрдемақы және 3 жас маманға 11,3 миллион  теңге тұрғын үй сатып алуға несие берілді.

Әлеуметтік қамсыздандару саласы бойынша 1 жас маманға 176,8 мың теңге жәрдемақы берілді.

Спорт саласы бойынша 10 жас маманға 1,8 миллион  теңге көтерме жәрдемақы және 2 жас маманға 7,5 миллион  теңге несие берілді.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша 34 жас маманға 6,3 миллион  теңге көтерме жәрдемақы және 20 жас маманға 70,6 миллион  теңге несие қаралып, игерілуде.

Иә, бағдарлама жалынды жастарға қаншалықты жол ашып жатқанын аңғару қиын емес. Сондықтан өңірдегі 3 жоғары оқу орнында 26 361 студент (ТарМУ- 13 746, ТарМПУ- 7002, ТИГУ- 5613) білім алуда десек,  осы болашақ мамандарды елді мекендерге тартудың маңыздылығы зор.  48 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде (25- мемлекеттік, 23- мемлекеттік емес) 27 396 студент 93 мамандық, 137 біліктілік бойынша білім алуда (өткен оқу жылында- 26 890) десек, оларға да бағдарламаның басым бағыттарын түсіндірген абзал. Сонда ғана біз бағдары дара  бастаманың болашағы өміршең ете аламыз. Одан  жергілікті билік пен шалғай ауылдар ұтпаса, ұтылмасы анық. Әрі бұл Елбасы айтқан ажарлы ауылдар мен кескіні келіскен елді мекендердің еңсесін тіктеп, келешегіне сәуле себетіні түсінікті.

 

Дедек Төлен