Білім сапасын жақсартуға жіті көңіл бөлінуде
Жамбыл Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес бүгінде өңірде 11 мыңға жуық пән кабинетінің 79 пайызы компьютермен қамтылған. Алайда, оқушыларға жаңартылған мазмұнда білім беру үшін маңызды құрал саналатын интерактивті тақта жеткіліксіз. Қазір аймақтағы білім ошақтарында негізінен биология, математика, химия, физика сияқты кабинеттер жарақтандырылып отыр. Облыстағы 442 мектеп «Күнделік» электрондық жүйесіне 100 қосылған.
Дегенмен, күні бүгінге дейін ескі әдіс бойынша журнал толтыратын мектептер бар. Мұндай мәселе негізінен интернет желісінің жылдамдығы төмен шалғай ауылдарда кездеседі. Шын мәнінде, еліміз бойынша мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған.
Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады.
Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды.
Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет.
Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс.
Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек.
Ал, Жамбыл облысы Шу ауданының білім беру саласы бойынша 47 (38 орта, 2 негізгі орта, 7 бастауыш) орта білім беру мекемелеріне балаларды оқуға қабылдау мен 35 (23 мемлекеттік және 12 жеке иеліктегі) мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша аудан аумағындағы барлық орта білім беру мекемелері мен балабақшаларға балаларды қабылдау, кезекке қою және жолдама беруді автоматтандыру негізінде «edugarden.kz», «eduschool.kz» сайттары талапқа сай ашылды.
Автоматтандыру бойынша аудан өңіріндегі балабақшалар, шағын орталықтар «edugarden.kz» сайтына тіркелді, ал жалпы орта білім беретін мекемелерге білім алушыларды қабылдауды автоматтандыру шаралары жүргізілуде.
Ауданда 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіш коэффициенті 11,9 немесе 1205 адам. 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіш коэффиценті 3,0 немесе 306 адам құрады. 2019 жылдың есепті кезеңінде 1205 нәресте дүниеге келді, салыстырмалы түрде, 2018 жылы 1222 нәресте туылған, оның ішінде қайтыс болғандар саны 7бала. 2019 жылы 10 бала өлімі тіркелді.
Әрине, өмір бар жерде, өлімнің де болуы заңдылық. Алайда шу ауданында демографиялық жағдай көз қуантады. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен орта білім беру мекемелеріндегі жұмыстарды әлі де болса жақсарта түсу қажет.
Дедек Төлен