Қырық қатпар тірлікті қыбын тапқан тіктейді
Бірер жылдан бері елімізде қант қызылшасы шаруашылығы қарқынды қолға алынуда. Жамбыл облысында да бұл бағыттағы жұмыстар бағдарын тауып, жылда 10 мың гектарға дейін тәтті түбір отырғызылуда. Бұл үрдістен аудандар да шет қалмай, өз үлестерін қосуда.
Мәселен Шу ауданында қант қызылшасын 1500 гектарға себу жоспарланса, себілгені 725 гектарды құраған. Жоспар 48 пайызға орындалды. Кейбір ауылдық округтер әкімдерінің қант қызылшасына деген көзқарасы мен атқарылған жұмыстары өз деңгейінен төмен болып, ауданға берілген жоспардың орындалмауына әкеліп отыр.
Десе де, негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі 78,9 пайызға жоспарланса (15428,0 млн.тенге), орындалуы 59,7 пайызға (12856,3 млн.тенге) қалыптасты.Себебі 2018 жылы сыртқы инвестицияның басым үлесін құраған, Қонаев ауылындағы Азиялық газ құбыры КС-5 станциясының құрылысы аяқталды. ІІІтоқсан жоспары 23816,9 миллион тенге орындалмау қаупі бар.
Пайдаланбаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді соңғы айда 15 тексеру жоспарланса, орындалуы 8 тексеру болған.ІІІ- тоқсанда жұмыстар жалғастырылды.
Пайдаланбаған ауыл шаруашылығы жерлеріне ауырпашылық қою, салықты көтеру шараларының орындалуы жеті айда 15 жоспарланса, оындалуы 3 субъектіге салықты он есеге көтеру бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғлған.
Жоғарыда айтқанымыздай елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы барған сайын кеңейіп келеді. Оның ішінде отандық тұқым шаруашылығын оңтайландырып арттыруға да айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұл жағынан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тарапынан тиісті орындарға жүктелген тапсырмалар ұшан-теңіз. Осы бағытта қант қызылшасына ерекше назар аударыла бастады. Енді осы бір мән-маңызы зор мәселені ғылыми тұрғыдан таразы талқысына салсақ, талай жайларға қаныға түсеміз.
Әлемдегі қант нарығына үңілер болсақ, қант негізінен қант құрағынан және қант қызылшасынан алынады. Қант құрағының өндірісі жылына 1,4 млрд тоннаны құрайды. Ал қант қызылшасының үлесі – 270 млн тонна. Ең ірі қант құрағынан өнім өндірушілер сапында Бразилия, Үндістан, Қытай, АҚШ сынды алпауыттар бар.
Енді Қазақстандағы қант қызылшасы өнеркәсібінде күрделі өзгерістер болды. Осы заманғы аграрлық қарым-қатынастағы елдердің даму барысына талдау жасау Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің ары қарай дамуы мемлекеттік қолдаудың тиімділігі және қант зауыты төңірегіне топтасқан кооперативтік бірлестіктерді құру арқылы инновацияны енгізуге тең дәрежеде ыңғайлы жағдай жасай отырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жұмылдырылуы керек екендігін көрсетеді. Республикада қант қызылшасын өсірген жылдардағы егістік алқабының ең жоғарғы көлемі 80,8 мың гектарға жетіп, орташа өнімділік әр гектарына 270 центнерді құраған еді.
Дедек Төлен