Жаңа жұмыс орындары ашылып, қара халықты қуанышқа кенелтуде
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу өңірі қай кезде де өзінің өндірісімен танылған өлке. Мұнда тұрғындардың тұрмысын түзеп, әлеуметтің әлеуетін арттыруға бар мүмкіндік бар. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында баса айтылған жұмыссыздықпен күрес мәселесі де елді мекенде бағдарын табуда. Және мемлекеттік бағдарламалар мінсіз орындалуда.
Оған дәлел Жамбыл облысы Шу ауданында «Е- Биржа» арқылы жұмысқа орналасқан адамдардың саны –676. Нысаналы топтағы мүгедектерді жұмысқа орналастыру жоспар бойынша 62 адам. Бүгінгі күнге 67 адам әр түрлі жұмыспен қамтылды. (Оның ішінде тұрақты жұмыс 29 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орны 22 адам, жастар практикасына – 3 адам, қысқа мерзімді оқыту курсына – 4 адам бастау бизнес – 9 адам,) (108 пайыз)
Ағымдағы жылы аудан бойынша 910 жұмыс орын ашылады деп жоспарланған. Оның 630 жаңа жұмыс орны, 280 маусымдық жұмыс орны. Бүгінгі күнге 464 жаңа жұмыс орны және 280 маусымдық жұмыс орны ашылды. (немесе 76,6 пайыз) .
Бағдарламаның І бағыты – «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» аясында облыстық бюджеттен 60953,0 мың теңге қаражат бөлініп, 320 адам оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 341 адам жолданды.
Бағдарламаның ІІ бағыты – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 143 азаматқа шағын несие беру жоспарланып, оған 601,6 миллион теңге бөлінді. «Бастау Бизнес» жобасына кәсіпкерлік негіздеріне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шу аудандық филиалы арқылы 135 адам -оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 140 азамат Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқуға жіберілді. (немесе 103,7 пайыз).
Бағдарламаның ІІІ бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 587 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оған 255080,0 мың теңге бөлініп отыр.
Иә, бұл бағдарын тапқан жұмыстардың жемісі. Бүгінгі нарықтық заманда халықтың екі қолға бір күрек таба алып жатқаны қуантады. Әрі бұл облыс экономикасына қосылған үлкен үлес екені даусыз. Бұны жіті түсінген шулықтар қара халықты да, жастарды да жұмыспен қамтуға жіті көңіл бөлуде. Мұндағы тірлік осысымен де құнды.
Дедек Төлен