«Ауыл – ел бесігі» — ауылдардың ажарын ашады

 

   «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының көздеген бір қыры – шалғайдағы елді мекендердің еңсесін тіктеу екені белгілі. Осы орайда бұл бағытта Жамбыл облысында жасалынып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен  Шу ауданы Бірлік селолық округінде 2019-2021жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы  ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

    Ауылдық округ бойынша 7- жауапкершілігі шектеулі серіктестік  және  16- жеке кәсіпкер тіркелген. Халық саны – 3515 адамды құрайды. Округте ауылшаруашлық мақсатында жер телімдері жоқ және жеке қожалықтағы    шаруашылықтары тіркелмеген.Округ кезінде кент болып қалаға қараған, ауыл статусын 2002 жылдары алғанмен жер учаскесі кеңейтілмеген. Мал шаруашылығы, тұрғындардың қосалқы шаруашылығы болып есептеледі. Сондай-ақ мал жайылымын 170 гектарға ұлғайту жөнінде қазіргі таңда құжаттары заңдастырылуда. Округтегі тұрғындардың қосалқы шаруашылығында мүйiздi iрi қара  – 631 бас, жылқы – 8 бас, қой-ешкі – 3883 бас, үй құстары – 2935 бас, шошқа -165 бас мал бар. Аталған  мүйізді қараның  санынан шамамен күніне 930 литр сүт сауылады.Оның ішінде ішкі тұтынуға сүттің 30 пайызы, төлге 30 пайызы, 40 пайызы сауда нүктелеріне нарықтық бағамен сатылады.       «Бір ауылдық округте 1 кооператив құру» бойынша «БІРЛІК-АГРО-2019» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі көкөністі өңдеу  шағын жылыжайы ашылып қолға алынуда.Қыс мезгілінде қызанақ өнімін күніне 200 кг, қияр өнімін күніне 200 кг өндіру көзделуде.

Елді мекендегі тұрғындардың әлеуметтік картасы: көп балалы батыр  аналар  – 44 оның ішінде «Алтын алқалы» ана 18,  «Күміс алқалы аналар  26. Зейнеткерлер саны –259, мүгедек зейнеткерлер 75. Экономикалық белсенді тұрғындар саны- 1420,   жұмыссыздар- 15, оның ішінде мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 54.

Елді мекендегі жолдардың жалпы ұзындығы 35,8 шақырым  оның ішінде 7,9  шақырым  асфальт бетон, 1,1 шақырым  қиыршықтас, 16,4  шақырым  топырақ.Санаты бойынша 2,4  шақырым  жол жақсы. 2,0 қанағаттанарлық. 22,8  шақырым   жол қанағаттанарлықсыз  нашар жолға жатады.

       Шу ауданы «Бірлік селолық округі әкімінің аппараты» КММ бойынша 677,1  мың теңге  Жанар жағар май сатып алудан мемлекеттік сатып алу порталында мердігер келісім шартқа қол қоймағандықтан игерілмеді;

«Бірлік-үстем ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бойынша 248,8 мың теңге Е-Халық байланыс қызметі бойынша мердігер счет фактура өткізбегендігінен 247,0  игерілмеді;

«Ескі Шу ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бойынша 797,7 мың теңге, Е-Халық байланыс қызметі бойынша мердігер счет фактура өткізбегендігінен 200,0  игерілмеді және Жанар жағар май сатып алудан 320,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу порталында мердігер келісім шартқа қол қоймағандықтан игерілмеді;

«Жаңажол селолық округі әкімінің аппараты» КММ бойынша 296,4 мың теңге Е-Халық байланыс қызметі бойынша мердігер счет фактура өткізбегендігінен 200,0  игерілмеді;

«Жаңақоғам селолық округі әкімінің аппараты» КММ бойынша 935,1 мың теңге Аппаратты ұстаудан РБ-тен бөлінген мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтық қызметшілердің  жалақысын көтеруге берілетін  трансферттерден 332,6  мың теңге төлемдер бойынша  жоспар дұрыс  рәсімделмеуінен игерілмеді, 600,0 мың теңге кіріс түсімдерінің түспеуіне байланысты аппарат шығындары игерілмеді;

Десе де, округтің әлеуеті зор. Қарқынды даму үстінде. Жене келешегінен мол үміт күттіреді.

 

Дедек Төлен