Межелі міндет мінсіз орындалуда
Жаһандық экономикадағы жағымсыз макроэкономикалық жағдайға орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқына Жолдауында бәсекеге қабілеттілікті көтеру және жоғары мақсаттық көрсеткіштерге, соның ішінде, сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда салмақты өзгерістер табалдырығында тұрған құрылыс саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша бірқатар міндеттерді алға қойған болатын. Бірыңғай икемді және жаңа тенденцияларға сәйкес келетін «ойын ережесін» орнату үшін, нарықтың барлық қатысушыларына ашық та сындарлы сұхбат қажет екендігі сөзсіз.
Сондықтан да құрылыс бизнесіндегі барлық қатысушылардың және мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің басын бір алаңда қосып, әлемдік экономика үндеуіне қарсы тұру стратегиясын әзірлеп, Елбасының тапсырмасын орындауға қам-қарекеттенгеніміз абзл. Ал мұндай мәселелердің дұрыс, жинақталған әрі тиімді шешімін табуы үшін біз қашанда күш біріктіруіміз қажет.
Елбасының осынау ұраны мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін тындырымды тірлік керек. Осы орайда Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында құрылыс кластері қарқын алып, 2019 жылы жоспар 820,8 млн.тг құрады. Оның ішінде Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылындағы 1 және 2 кезектегі тұрғын алқаптарына қиыршық тас жолын салуға облыстық бюджеттен 515592,0 мың.теңге қаржы қаралып қазіргі таңда 335 592,0 мың.теңгесі игеріліп құрылыс жұмысы желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 оқушыға бастауыш мектеп құрылысын салуға облыстық бюджеттен 222 408,0 мың.теңге қаржы қаралып нысан құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ 6 мектеп пен 1 балабақшаның қазандығын газдандыру құрылысына жалпы облыстық бюджеттен 51300,0 мың.теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары толығымен бітіп отыр.
Жыл басынан 13 жобалау- сметалық құжаттама әзірлеуге жалпы 31500,0 мың.теңге қаржы қаралып, қазірге жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Халықтың тұрмыс сапасын арттыруда әлеуметтік саланың жұмысы түбегейлі өзгеріп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып келеді. Аудан аумағында бұл жұмыс өз деңгейінде атқарылуда.
Дедек Төлен