Бұқаралық спорт даму үстінде    

 

      Спорт – денсаулық кепілі. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысатын адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата – бабаларымыз «тәні саудың — жаны сау» немесе «бірінші байлық — денсаулық» ,- деп бекер айтпаған. Елбасы 2020 жылға дейін бұқаралық спортты жанына серік еткендердің үлес алмағын 30 пайызға жеткізуді де тектен-тек аятқан емес. Бүгінде бұл межені  Жамбыл облысы межелеп қалды.

        Жастардың жан – жақты дамуын да спортсыз елестету мүмкін емес. Осы орайда елімізде жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында көптеген істер атқарылуда.

Т.Рысқұлов ауданында  жастардың спортпен айналысуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Атап айсақ 154 спорттық ғимарат және түрлі ұйымдар жұмыс атқаруда. Нәтижесінде, Т.Рысқұлов ауданындағы №1 және №2 спорт мектебінде спорттың 13 түрінен 1201 жасөспірім мен жастар спорт үйірмелеріне қатысады.

2019 жылдың 8 айында 219 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 17150 спортшы қатысты. 2019 жылдың 8 айында  тұрақты спортпен шұғылданатындар саны- 19153 адамды құрап, пайыздық көрсеткіші 29,8 болды. Бүгінгі жас буындарымыздың спортқа деген қызығушылықтары күн санап артып келеді. Күн режиміне спортпен  жүйелі айналысуды енгізіп, ағзаның шынығуы үшін табиғи  факторларды тұрақты пайдаланып сонымен қатар жұмысты белсенді демалыс пен ауыстыру  адам өміріне өте пайдалы болып келеді.

Елбасы  бұл мәселені үнімі Жолдауларында айтады.  Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Н.Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4 — ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі. Мұны Н.Назарбаев жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады. Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Өмір өлшемі – салауаттық, салауаттық – өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған.