Павлодар облысында жыл басынан бері  медициналық сақтандыру қоры көрстетілген қызметтер үшін 28,8 млрд теңге төледі

Павлодар облысында биыл сегіз ай ішінде медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметтері үшін 28,8 млрд теңге төленді (69,7%), деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

— Жұмыс уақытылы әрі кесте бойынша жалғасуда, — деп атап өтті Павлодар облысы бойынша қор филиалының директоры Айдар Сейітқазинов. — Бөлінген қаржы медициналық мекемелердің операциялық шығындарын жабуға жеткілікті. Қор медициналық ұйымдар алдындағы барлық келісімшарт міндеттемелерін толық көлемде атқаруда Павлодар облысында 63 медициналық ұйым мемлекеттен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетеді. Оның 30-ы — жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда жеке қызмет берушілер саны 5 ұйымға артты. — Жекеменшік медициналық ұйымдар қормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді әрі өзгермелі жағдайда жұмыс істеуге дайын екендерін көрсетті. Медициналық қызмет көрсету нарығында бәсекенің артуы медициналық көмектің қолжетімді болуына, сапаға оң ықпал етері сөзсіз, — деп атап өтті Айдар Сейітқазинов.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы енгізілетін әлеуметтік медициналық сақтандыруға қаржы жинап қана қоймай, ағымдағы жылға тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында медициналық қызметтерді сатып алады. 2019 жылдың басынан қор кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметі үшін 697 млрд теңге төледі.

Еске сала кетейік, қордың медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан облыстың медициналық ұйымдар тізімі www.fms.kz сайтының «ТМККК қызмет берушілер» тізімі бөлімінде орналастырылған.