ПМУ-де «Қазақстан халқы» интерактивті картасы таныстырылды
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Тіл және оның ұлттық тұтастықты нығайтудағы үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми хатшысы Махаббат Қозыбаева қонақтарға еліміздегі халықтар мен этникалық топтардың тарихы мен мәдениетін таныстыратын «Қазақстан халқы» интерактивті картасы паш етті. Сирек мұрағаттық және статистикалық дереккөздер картаның арқауына айналды.
Қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының Айман Зейнулина қазақ тілінің латын графикасына көшуінің маңыздылығына тоқталып, туындауы мүмкін мәселелерге тоқталды. Ғалымның айтуынша, жаңа ережелер бірыңғай сипатқа ие болу керек. Әр қазақстандық өзінің ұсыныстарын енгізу мүмкіндігіне ие болу керек.
— Мамандар баршамызға түсінікті ережелерді әзірлеу керек. Сонымен қатар, осындай тілдік үрдісті бастан өткерген елдердің тәжірибесін ұмытпау керекпіз», — дейді Айман Зейнулина.
Жиналған қауым орыс тілінің этникааралық коммуникациядағы маңыздылығы мен корей тілінің бірегейлігіне тоқталды. ҚХА кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Мамытова еліміздегі этностардың арасында туған тілі мен дәстүрлерін білмейтіндері бар екенін тілге тиек етті.
— Мемлекет пен ассамблея Қазақстанда тұратын 130-дан астам этностың тілдік дәстүрлерін жаңғырту жұмыстарын белсенді жүргізуде. Халықтар арасында этномәдени сан алуандылықты сақтау, мәдениеттердің біртұтастығын қамтамасыз етуге негізделген этномәдени коммуникация орнаған», — дейді Сәуле Мамытова.
Әлихан Рахметоллаұлы