Қордайда білім саласы жыл санап жақсаруда  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында білім саласына айрықша көңіл бөлгені белгілі. Әсіресе Президент педагог мәртебесін көтере отырып, білім сапасын жақсартуды тапсырды. Әрине  жастардың біліктілігі мен білімін арттыру бағытында  Үкімет  тарапынан жанданып жатқан бағдармалар да  аз емес. Әрине оның барлығы сапалы кадр мен сауатты ұрпақ даярлауға бағытталып жатқаны белгілі. Осындай жүйелі жұмыс Жамбыл жерінде де өз жалғасын табуда. 

            Мәселен Қордай ауданында бүгінде   бюджеті есебінен қаржыландырылатын 48 мектепте                   (1 бастауыш, 8 негізгі, 39 орта) 29297 оқушы және  9 мектептен тыс мекемеде 5247 бала білім алуда.

21 мемлекеттік балабақшада 2865, 36 жекеменшік балабақшада 3630, 15 шағын орталықта 812, жекеменшік шағын орталықта 260 барлығы 7307 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 92 пайыз, 3-6 жас аралығында 97,7 пайызды құрап отыр.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы желісінде 2019 жылы 1185 орынға               18 жекеменшік балабақша мен қосымша топтар ашылады деп жоспарлануда.

Жағдайы төмен отбасынан шыққан 2364 бала жергілікті бюджет есебінен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Шалғай жатқан, мектебі жоқ елді мекендердегі 95 бала аудан орталығындағы №3 Абай атындағы орта мектебі жанындағы интернатқа орналастырылып, тегін тамақпен қамтылуда. Сондай-ақ, 320 оқушыға 9 елді мекенде тасымалдау ұйымдастырылған. (Сарыбастау, Көгадыр, Керу, Соғанды, Күнбатыс-1, Кақпатас, Отар, Әлжан ана, Шарбақты, Арал).

Аудан мектептерінің оқу кабинеттеріне қажетті 359 дана интерактивті құрылғылармен (компютер, проектор, экран) қамту үшін 179,5 миллион  теңге қаралған. Аталған қаражатқа ағымдағы жылдың соңына дейін аталған қондырғыларды сатып алу көзделуде.

Қазіргі заман талабы сандық технологияны меңгерген сауатты ұрпақ болмақ. Сондықтан да 2019 жылы аудан бойынша  9 мектепті робототехника кабинеттерімен қамтамасыз етуге — 54,6 миллион теңге, 2 физика кабинеттермен қамтуға — 14,5 миллион  теңге бөлінген.

Осынының есебінен аудан жастарының Ұлттық бірыңғай тестілеуде алып жатқан баллдары да жақсара түсуде. Бұл дегеніңіз ертең елді мекеннен білікті ғалым да, ұстаз да, заңгер де, қаржыгер де, тіптен келген де техник мамандары шығады деген сөз. Ал одан еліміздің экономикасы өрістемесе, бүгінгі биігінен аласармайтыны анық.

 

Дедек Төлен