Әлеуметтік осал топтарға айрықша көмек
Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» баянды болашаққа салынған сара жол екені белгілі. Сондай-ақ Ұлт көшбасшысы әрбір Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыруға айрықша басымдық беріп келді. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында қара халықтың қамына бағытталған бес басым бағытын айқындап берді. Жолдау жүктеген міндет Жамбыл облысында өз жүйесін табуда.
Мәселен Жамбыл облысы Сарысу ауданында 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 15,2 мың тұрғынға 747,0 миллион теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілген.
Ең алдымен әлеуметтік бағдарламалар бойынша тоқталсақ, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 2 722 аз қамтылған отбасындағы 13 038 адамға 661,4 миллион теңге беріліп отыр. Тұрғын үй жәрдемақысына 356 отбасының 1 261 адамына 6,0 миллион теңге төленіп отыр. Ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына отын сатып алуға 10,8 миллион теңге қаралған. Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарындағы 277 адамға – 16,6 миллион теңге жұмсалуда.
Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмекке келсек, үйде оқитын 70 отбасындағы 73 мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыруға 2,0 миллион теңге белгіленген.
Үйде арнаулы қызмет көрсету жағдайында 49 балаға (оның ішінде 18 жастан асқан 27 мүгедекке), жалғыз басты 105 қарт (оның ішінде 2 мүгедекке), барлығы 154 адамға 12 күтім жөніндегі қызметкер қызмет көрсетуде, оған қаралған 30,8 миллион теңгенің 16,9 миллион теңгесі игерілді. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйым «Шапағат» мүгедектер қоғамдық бірлестігі тарапынан 33 адамға (оның ішінде 18 жастан асқан 15 мүгедек) ҮЕҰ-ның 6 күтім жөніндегі қызметкері үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде. Қаралған 6,6 миллион теңге қаржының 3,7 миллион теңгесі тетігін тауып отыр. (Барлық қаралған қаржы 37,4 млн. теңге, игерілгені 20,6 млн.теңге, әлеуметтік қызметтермен қамтылғаны – 187 адам).
Қозғалуға қиындығы І-ші бірінші топтағы 97 мүгедекке «Сарысу-Нұр-Шапағат» корпоративтік қоры арқылы жеке көмекшілер қызметтері көрсетіліп, 11,2 миллион теңге төленген.
Есту қабілеті төмен 5 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік қызмет көрсеткен ымдау тілі маманына — 575,0 мың теңге берілді.
164 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, 18,7 миллион теңге игерілді. 79 адам қосымша компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етіліп, 4,0 миллион теңге жоспарлы жұмсалды.
Мүгедектерге «Шапағат» корпоративтік қорымен инватакси қызметін көрсетуге – 11,7 миллион теңге қаралып, есепті мерзімде 5,9 миллион теңгесі мақсатты беріліп отыр.
Осылайша сарысулықтар әлеуметтік көмекке зәру жандарға барынша көмек көрсетуде.
Дедек Төлен