Қарттарға құрмет толастамайды

«Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші,1 – қазан  «Қарттар күні» Жамбыл облысында кең көлемде аталып өтті. Әр ауданда қазыналы қарттарымызға арналған концерттер, байқаулар ұйымдастырылса, билік өкілдері қариялардың үйіне арнайы барып, түрлі сый-сияпаттар жасады. Ал жоғары және орта арнаулы оқу орындары қариялардың үйіне барып қалғабыс жасады.