Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызмет көрсету сапасын арттырумен айналысуда
Қалалық iKOMEK109 орталығы Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп, медицина саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыруды жалғастырады. Елорда ауруханалары мен емханаларының бас дәрігерлері тұрғындардың әрбір өтінішін бақылауда ұстайды.
Ағымдағы жылдың 9 қазанында iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы алаңында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың төрағалығымен елорданың медициналық мекемелері басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиын болып өтті.
Жиын барысында азаматтардан келіп түскен өтініштер қаралды. iKOMEK109 орталығының ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың басынан бері денсаулық сақтау мәселелері бойынша 241 207 өтініш келіп түскен, бұл қала тұрғындарынан келген өтініштердің 24,5% құрайды. Оның ішінде консультациялар – 235 519 (97,6%), шағымдар – 3 445 (1,4%), жағдаяттар – 1 660 (0,7%), алғыстар – 523 (0,2%) және ұсыныстар – 60 (0,1%).
Енді емхананың әрбір бас дәрігері iKOMEK10 мобильді қосымшасын қолданады, онда онлайн режимде өзінің медициналық мекемесіне қатысты барлық өтініштерді қабылдайды. Сондықтан азаматтар медициналық қызмет көрсетуге қатысты өздерін алаңдатқан мәселелерге тікелей жауап ала алады.
«iKOMEK109 қалалық орталығының миссиясы – қаладағы өмір сүру сапасын жақсарту және тұрғындар үшін қалалық сервистер сапасын арттыру. Сол себепті біз әрбір жауапты қалалық органмен, оның ішінде денсаулық сақтау басқармасымен елордада жайлы өмір жасау үшін тығыз жұмыс жасаймыз», — деді iKOMEK109 қалалық мониторинг орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.
Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK109 мобильді қосымшасы қала тұрғындарына өтініш беруге:
- Фото-бейнематериал қоса бере отырып, өтініш беруге, сонымен қатар өтініштердің атқарылу дәрежесін білуге;
- Хабарландыруға жазылуға мүмкіндік береді. Онда сіз алдағы іс-шаралар, мектептерде сабақ болмайтыны, тасжолдардың жабылатыны және т.б. жөнінде біле аласыздар.
Мұнан басқа, елордалық тұрғындар дәрігердің қабылдауына Damumed мобильді қосымшасы арқылы онлайн жазыла алады.
Қол жетімді AppStore/PlayMarket)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық
мониторинг және жедел әрекет ету орталығы»
iKOMEK109 PR- қызметі