Павлодар облысының әкімі мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті    

Павлодар облысының әкімі өңірдің қимыл-қозғалысы нашар тұрғындар тобымен кездесті. 25 қазан күні өтетін дәстүрлі «Фракция күнінің» қарсаңында Болат Бақауов мүгедектердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, алдағы апта ішінде сараптама жасау үшін осындай шешім қабылдады.  

Кездесу бір аптадан кейін «Фракция күні» өтетін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының кеңсесінде өткізілді. Жалпы алғанда, кездесуге келгендер Болат Бақауовқа 30 сұрақ қойды.

— Нашар көретін тұрғындардың өтінішін айтқым келеді, — деді павлодарлық соқырлар қоғамының басшысы Арынғали Бердиев. – Қалалардағы бағдаршамдарға дыбыс сигналдарын орнатсаңыз деймін. Сондай-ақ, көзі көрмейтін азаматтарға берілетін ноутбуктар санын көбейтсеңіздер екен. Қазіргі кезде пернетақта мен дисплейден тұратын тифложиынтықтың құны 2,5 миллион ні құрайды. Көбімізге дисплей қажет емес, сондықтан, қаражатты үнемдеп, көз жанарынан айрылған жандарға қажетті техниканы көбірек алуға болар еді.

Болат Бақауов көзі нашар көретін азаматтардың бәрі қол жеткізу үшін кітапханалардағы коворкинг орталықтарына арнайы ноутбуктар қоюды ұсынды. Көзі нашар көретін азаматтар олар үшін арнайы мүмкінідктері бар заманауи бағдарламалық қамсыздандырумен жабдықталған жақсы дербес компьютер сатып алуды ұсынды. Мұндай компьютерлердің бір данасының құны — 200 мың теңге.

— Әрине, бүгін көтерілген мәселелердің бәрін бірден шешу мүмкін емес. Мен бұл кездесуді үш жылдық бюджетті нақтылау алдында арнайы ұйымдастырдым, — деді жиналғандарға Павлодар обылсының әкімі. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев талап еткендей біз бюджетті мейлінше әлеуметтік бағытталған етіп қалыптастырамыз. Қазір біз бірінші кезекте тұрған міндеттерді айқындап алуымыз керек. Бірте-бірте барлық мәселенің шешімін табатын боламыз.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы