Жамбылдық қанатқақты жобаны түсіндіруде
Қарапайым заттар экономикасын дамытуды мақсат тұтқан жамбылдық жобаны жұртшылық жылы қабылдады. Зейін қойып, зердеге салды. Ауладағы аядай жерді табыстың көзіне, қазынаның өзіне айналдыруға болатындығын ұғынды. Төрт түлікті де көбейтудің тың жолы барын түсінді.
Дәл қазір облыс әкімі Асқар Мырзахметов жұмыс күнін кеңседе емес, ел ішінде өткізуді мақсат тұтуда. Жамбыл, Байзақ аудандарынан басталған іссапар Талас, Шу, Т.Рысқұлов пен Меркі аудандарында жалғасып, осы аптада Сарысу, Мойынқұм аудандарында түйінделді.