Туризмнің «түлеуіне» үлес қосқандар

Дүниежүзілік Туризм  күніне орай жамбылдық бір топ азамат арнайы марапатталды. Айтулы шарада облыс әкімдігі Туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова сөз алып, облыстағы туризм саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тіліне тиек етіп, осындай ауқымды салаға аянбай үлес қосқан азаматтарды ерекше атап өтті. Сондай-ақ, басқарма атынан арнайы құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.