Павлодар облысының мектептерінде 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі  

Павлодар облысының мектептерінің бастауыш сынып оқушылары бюджет және инвесторлар мен демешулердің есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы аймақ басшысы Болат Бақауов мектептердің қамқоршылық  кеңестерімен өткен кездесуде айтты.

Кездесу алдында Павлодар облысының әкімі Instagram әлеуметтік желісінде пост жариялап, ата-аналардың пікірін сұраған еді.  Ата-аналар қауымадстығымен кездесуін Болат Бақауов өтініштер мне ұсыныстарды талдаудан бастады.

— Маған жиынның жүргізу тәртібін, білім басқармасы басшысының баяндамасын, тіпті маған қойылатын сұрақтарды дайындап берді, — деді аймақ басшысы. – Әлеуметтік желіде 350-ден астам пікірлер келіп түсті. Олардың көбі парталарды, кабинеттердің терезелерін жаңарту, істемей тұрған ектеп бассейндерін іске қосу және оқу мекемелерінің жалпы көріктендірілуіне байланысты.

Ата-аналардың көпшілігі мектептердегі тамақтану үрдісі мәселелерін көтерді. Облыс әкімі жақында мектеп асханаларының бірінде ас ішкенін айтып, өзі байқаған жайттармен бөлісті.

— Қант сепкен тоқаш 100 теңге тұрады, бәліштің де бағасы дәл осындай, — деді Болат Бақауов. – Біз тыйым салып келе жатсақ та, асханада школод сату тыйылар емес!

Балалардың тамақтану мәселесі қамқоршылық кеңестерімен бірлесіп шешілетін болады. Облыс әкімі жақын арада өңір мектептерінің 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге уәде берді. Сондай-ақ, ол ата-аналар қауымдастығын тамақтың сапасын қадағалауға шақырды. Бұл мәселе бойынша бюджетке инвесторлар мен жергілікті меценаттар көмектесетін болады.

Сонымен қатар, аймақ басшысы мектеп жанындағы тұрақтардың мәселесін шешуді де қолға алды. Мәселен, №19 мектептің жанындағы тұраққа жақын жердегі ХҚКО-на келетін адамдар көліктерін қалдырып кетеді.

— Мен полиция қызметкерлерін облыстың үш қаласындағы мектептердің тұрақтарын тәртіпке келтіруді сұраймын, — деді әкім. – Олар бұл жұмысқа ертеңнен бастап кіріседі.

Көпшілікті толғандырған тағы бір мәселе – 15 жастан асқан оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілідкпен жүру мәселесі. Өңірде тосын жағдай қалыптасты: колледждердің 1-2 курс студенттері автобустар мен трамвайларда 50 пайыз жеңілдікпен жүрсе, олардың мектепте оқитын құрдастары толық ақы төлейді.

— Студенттерге арналған жеңілдік бойынша шешім қабылдағанда жоғарғы сыынп оқушыларын назардан тыс қалып қойды, — деді Болат Бақауов. – Бұл мәселені міндетті түрде қарастырамыз.

Облыс әкімі қамқоршылық кеңес төрағаларын бірлескен жұмысқа шақырып, олар мектептің басты көмекшілері мен қадағалаушылары болуы керектігін еске салды. Ата-аналар мұндай кездесулерді жиі өткізуді сұрады.

 

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы