Ренішті ұмытпау, керек емес тасты өзіңмен бірге алып жүрумен тең.
Ертеде ұстазына шәкірті:
— Сіз ешкімге ренжімейсіз,
үнемі күліп жүресіз. Себебі қандай? айтыңызшы- депті.
Ұстазы: Қолына қапшық пен тас ал, біреуге ренжісең, атың жазып, қапқа салып отыр, оны қайда барсаң да өзіңмен бірге, арқана салып көтеріп жүр- депті.
Уақыт өте шәкірті келіпті.
Қапшық толған тасты көтеріп ұстазына келіпті.
Шәкірті :Қап көтеру қиын,
дегенде, ұзақ ойланып?
ұстазы: Сенің ішкі
дүниеңде де сондай болады. Біреуге ренжіп,
ашулансаң жүрекке ашу- ыза тас жиналғандай ауыр болады. Оны ұмытпай өзіңмен бірге алып жүру, сені ауруға ұшыратады.
Алғашқы кезде сезбейсің,
күндер өте тас ауырлайды.
Бұны көтеріп жүру қиын,
сондықтан ұмыту керек.
Ренішті ұмытпау, керек емес тасты өзіңмен бірге
алып жүрумен тең.
Біреуді ренжітсең де, оның
жүрегіне ауыр тас салатыныңды ойла.
Саған керек пе осы тас? Керек болмаса лақтыр.Жүрегінді таза ұста- депті ұстазы.
Кейде жазықсыз біреу туралы артық сөз айтамыз. Неге адам
солай? Біреу сый- құрметті
тегіне, сенің жасына қарап
жасаса, шалқая түсеміз.
Қазақта: Еңкейгенге еңкей,
сен патшаның ұлы емессің, шалқайғанға
шалқай сен әкесінің құлы емессің- деген.
Кейде ойға қалам, жақсылықты білетін ит,
бізге қарағанда ақылды, әрі сенімдірек секілді.
Райхан Матай