Әйелің жақсы болса…
– Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді?
Ақсақал сәл ойланып былай дейді:
– Ауыл ақсақалы шала болса, жігіттері алты ауызды ала болса, жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе, сол ауылдың берекесі кетеді.
Сонда Қаз дауысты Қазыбек би тұрып:
– Уа, қария, ал үй берекесі қайтсе кетеді? – дейді.
– Әйелің қабағын түйіп керілсе, шай құйып беруге ерінсе, ұлың ұрысқа сай болса, келінің керіске сай болса, қызың сумақай болса, сол үйдің берекесі кетеді, – деген екен қария.
– Ал ақсақал, не жақсы?
Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:
– Атың жақсы болса – тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса – жанып тұрған шырағың. Әйелің жақсы болса – досың жаныңа жиналып, риза болар қонағың.
– Ал не жаман?
– Атың шабан болса – тіршілікте көрген азабың. Балаң жаман болса – ғұмырлық көрген азабың. Әйелің жаман болса – досың сенен безініп, үйіңнен кетер қонағың, –депті қария…