Шерхан МҰРТАЗА: Айтуға – ұят, айтпасаң – қиянат

— Ұрылар ұрған сайын семі­реді. Жоғары лауазымды ұры­лардың талайы шет елге қашып кетті. Біреуі ұсталған жоқ. Ең соң­ғысы Кутовой деген мәде­ниеттің ақшасын жеп ол кетті. Сорақысы сол, заң қызмет­керлері оның қылмысын біле тұра, көз жұмды. Бытыралы мылтықпен тек торғайларды, қырғауылды, кекілікті, үйректі ғана ата аласың. Аюларға, қасқырларға бытыра батпайды.
Бай жылдар. Байлықты бей­шара жандар дүниеқоңыз­бен, ақшамен өлшейді. Көлдің тақырға айналуы оңай. Байдың пақырға айналуы оңай.
Ал таусылмайтын байлық, ол – Құдай о баста пешенеге берген дарын. Сол дарын еңбек етсең ғана байлыққа айналады.
Талант пен дарын тана сүті­нен емес, Ана сүтімен дариды.
***
Құдай берген ғой. Қазақ­стан­ға байлықты аямай-ақ. Бірақ алуын айт. Бұйыруын айт.
***
От пен судан өттім. Шың­далдым. Саясат деген сұрқия­ның сұрқын көрдім. Ол кездегі редактор ұстараның жүзімен жүруі керек еді. Жүйкемді жұ­қартты, күш-қайратымды жеді.
Бас редактор – қоғамның бас дәрігері. Қоғам денесіне әр түрлі жара қаптаған. Оның ішінде қатерлі ісік те бар. Сол ісіктің қоясын шығарып, сылып тастауға жараса – сол Бас редактор.
***
Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел.