Павлодарлық жас спортшы «Үздік шабуылшы» номинациясында үздік атанды

 

Ақмола облысының Щучинск қаласында JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша футзал және жеңіл атлетика спорт түрлерінен Бірінші жастар ойындары өтті. Спорттық ойындар Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында ұйымдастырылды.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. Жарысқа 17 аймақтық команда қатысты. Жас жігіттер арасындағы футзал жарыстарында Павлодар облысының командасы Ақмола, Алматы, Петропавл облыстарының командаларын артқа қалдырып, 5-орынға жайғасты. Жеңіл атлетикадан жарыстар үш дисциплина бойынша, соның ішінде 60 және 100 метрге жүгіру, сондай-ақ бір орыннан ұзақтыққа секіру бойынша сайысқа түсті.

Павлодар қ. № 8 мектеп-лицейінің оқушысы Глеб Ермолаев Бір орыннан ұзындыққа секіруде үздік үштікке енді. Ұйымдастырушылар Глеб Ермолаевқа сайыстағы жоғары көрсеткіші үшін велосипед тарту етті. Сондай-ақ марапаттау рәсімінде финалдың басқа жеңімпаздар да медаль және дипломдармен, әрі бағалы сыйлықтармен марапатталды. Павлодар қаласының № 19 жалпы орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Саябек Жұмакелді «Үздік жаттықтырушы» номинациясына ие болып, естелік медальмен, ал бірқатар спортшылар жеке номинациялар бойынша ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Павлодар қаласының № 19 жалпы орта мектебі 9 «А» сынып оқушысы Рахат Ағыбай «Үздік шабуылшы» номинациясына ие болды.

Әлихан Рахметоллаұлы