Павлодарлық әнші қыз Мәскеуде өнер көрсетеді
Павлодарлық жас әнші Мәскеуде өтетін байқауда бақ сынайды. Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бағдәулет Нұрматтың мәлімдеуінше, жас әнші Әмина Рахымжанова бұл жолдамаға Қырғызстанда өткен байқауда ие болған.
— Қырғызстанда «Русская Романсиада – 2019» халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды, — деді Бағдәулет Нұрмат. – Байқау нәтижелері бойынша ақтық мәреге түрлі елдерден 23 қатысушы шықты. Олардың ішінде 22 қатысушы ер балалар болса, тек бір ғана қыз осы биіктен көрінді. Ол – Павлодар қаласындағы музыкалық колледжі «Ән салу» бөлімінің студенті Әмина Рахымжанова. Қырғызстандағы байқауда Әмина Рахымжанова 2-орынды жеңіп алып, Мәскеуге шақырту алған.
— Қазылар алқасы музыкалық колледждің вокалистерінің, атап айтқанда, Олеся Скорикованың шәкірттерінің дайындығы жоғары деңгейде екенін атап өтті, — деді баспасөз хатшысы.
Ақпарат және сурет «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды