Павлодарда патрульдік электромобильдер жүре бастады

Облыстық полиция депаратменті электр тогының күшімен жүретін жаңа көліктерді таныстырды. Экологиялық таза көліктер қаланың орталық жағалауында патрульдік қызмет атқарады.

— Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнында жаз мезгілі кезінде күн сайын бұқаралық іс-шаралар өткізіледі, — деді полиция департаментінің бастығы Амантай Әубәкіров. – «Ertis Promenade» сахнасында шетелдік және отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ челендждер мен флешмобтар, ауқымды акциялар ұйымдастырылады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметті тиімді атқару мақсатында электрмобильдердің мүмкіндіктері пайдаланылатын болады. Заманауи электромобиль төрт орынға есептелген, артқы екі орындық жолаушыларды тасымалдауға арналған. Электромобильдердің жылдамдығы сағатыан 30 км-ді, қозғалыс қоры 100 км құрайды. Заманауи көліктер дыбыссыз қозғалады.

Ақпарат және суреттер «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтына алынд