Әр істің бір қайыры бар
Ары қарай кетіп бара жатқанда сіркіреп жаңбыр жауып, күн күркірепті. Жаңбырдан тығылу үшін ол үлкен ағашқа қарай жүгіреді. Бірақ тағы сүрініп, жығылып қалыпты. Бұл жолы да: «Жаңбырдан тығылуға да мүмкіндік бермедің, өзің қандай қорғаушы едің?» – деп Құдайға реніш білдіріпті де, тағы жолын ауыстырып, келесісіне түсіпті. Бірақ ол жаңағы өзі аясына тығылмақшы болған үлкен ағашқа найзағай түсіп, әп-сәтте от құшағына оранғанын байқамапты.
Бала: «Құдай, мен саған сенбеймін! Мені қорғамайсың, таңдаған жолыммен жүруіме де мұрша бермейсің», – деп күбірлеп, үшінші жолмен әр қадамын аңдап басып, абайлап келе жатыр екен. Кенет тағы да жығылып, қолын сындырып алыпты. Қолының ауырғаны сонша, ол Құдайды жек көріп: «Құдайдың барына енді сенбеймін! Жолмен емес, таумен жүремін. Маған көмектескеннің орнына, тек кедергі келтіресің», – деп ашуланыпты. Десе де, ол бала үшінші таңдаған жолының тік жарға барып тірелетінін білмеген екен.
Сонымен бала биік тауға қарай өрмелеп кетіпті. Көп күш жұмсап, шаршап, әрең дегенде таудың биігіне шығады. Ал биіктен бағана өзі жүрген үш жол да анық көрініп тұр. Бірінші жолдағы улы жылан, екіншісіндегі найзағай түсіп, өртенген ағаш, үшінші жолдың ешқайда апармайтыны, яғни екінші басындағы жар. Бала тек сонда ғана Жаратушының оны әрдайым қорғап келгенін түсінген екен.
Күпірлік қылып, бәрін жамандыққа жорудан аулақ болайық! Әр істің бір жақсылығы бар емес пе?!
Аударған: Құралай Мұратқызы